Хаттамаға электрондық ескерту-өтінімін беру
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) қол қою.
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
- Шешімді алу үшін мемлекеттік органға жүгіну.
Электрондық ескерту арызды электрондық түрде сот мәжілісі аяқталғаннан кейін 3 күнтізбелік күннен кешіктірмей беру қажет.
Жекелеген процессуалдық әрекет туралы электрондық ескерту арызды электрондық түрде - әрекет жасалған келесі күннен кешіктірмей беру қажет.
Сот мәжілісінің күрделі істері бойынша электрондық ескерту арызды электрондық түрде сот мәжілісі аяқталғаннан кейін 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей беру қажет.
Ескерту. Іске қатысатын тұлғалар немесе олардың өкілдері сот отырысының хаттамасын шығару және оған қол қою күннен бастап 5 күн ішінде онымен танысуға және 5 күн ішінде жазбаша түрінде немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған, электрондық құжат нысанында хаттамада жасалған процессуалдық әрекеттердің немесе олардың нәтижелерін тіркеудің (көрсетудің) дұрыс еместігі мен толық еместігін көрсете отырып, ескерту беруге құқылы.
Қызмет көрсету нәтижесі
Азаматтық іс және сот нөмірін тағайындаумен электрондық өтінішті өндіріске қабылдау туралы хабарлама алу немесе бас тарту туралы негізді жауап.