Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі балаларды (6 жасқа дейін) кезекке қою
Астана қаласы бойынша өтінім беру үшін осы сілтеме бойынша өтіңіз
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) қол қою. Аймақты таңдау, ЖСН немесе тегін, атын және баланың туған күнін, байланыс деректерін енгізу.
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) өңделген хабарламамен танысу. Кезекті әрі қарай қадағалау үшін "Балабақшаға кезек нөмірін қарау" қызметін пайдалануға болады.
- Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) МДБМ жолдаманы келісу туралы хабарламамен танысыңыз. Қажеттілігі болғанда пайдаланушының байланыс деректерін өзектілендіру.
- Жеке кабинетте жолдамамен келіскен жағдайда («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) МДБМ-не жолдамамен танысу.
Қызметті онлайн қалай алуға болатыны туралы бейнероликті қараңыз
Ескерту: Қоса берілетін құжаттардың барынша көп рұқсат етілетін көлемі - 5 МБ аспауы тиіс.
Тіркелген құжаттарды сығымдау жөніндегі нұсқаулықпен танысуға болады.
Қызметті мемлекеттік органда немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):
-
1-қосымшаға және 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш.
- Баланың туу туралы куәлігі.
- Жеке басты куәландыратын құжат.
- Әскери қызметкердің немесе арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің жұмыс орнынан берілген, мөр басылған және уәкілетті тұлғаның қолы қойылған анықтама (бар болғанда) (берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды).
- Білім беру ұйымы басшысының мөрімен және қолымен расталған педагогтің жұмыс орнынан анықтама (берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды), дипломның сканерленген көшірмесі.
- Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (бар болғанда).
- Фтизиатр-дәрігердің қорытындысы.
- Мектепке дейінгі ұйымға бірінші кезекте орын алу құқығын растайтын құжаттар (бар болғанда).
Қызмет көрсету нәтижесі
Кезекке қою туралы хабарлама беру (ерікті нысанда) немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.