Күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақыны тағайындау
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
- Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Қызметті мемлекеттік органнан немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-да қызметті қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
Қызметті алушы (немесе нотариус немесе нотариаттық іс-әрекеттер жасайтын лауазымды адам куәландырған, нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі):
- Үтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақыны тағайындау үшін 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш.
Өтініш беруші үшін:
- Жеке басын куәландыратын құжат – сәйкестендіру үшін.
- Бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленген жағдайда – бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленгенін растайтын құжат.
- Мүгедектігі туралы анықтама.
Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы.
- Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде күтім жасайтын адам ретінде айқындалған адамның орналасқан жері туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Орталық автоматтандырылған деректер базасы" ақпараттық жүйесінен жеке басын куәландыратын құжаты бойынша тексеріледі.
Бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын адам ретінде айқындалған адам үшін:
- Жеке басты куәландыратын құжат – сәйкестендіру үшін.
Қандас мәртебесі бар адамға күтім жасайтын адамға жәрдемақы тағайындау үшін жүгінген жағдайда сәйкестендіру үшін қандас куәлігі беріледі.
- Жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжат – сәйкестендіру үшін.
- Бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын ретінде айқындалған адамның әрекетке қабілеттілігі туралы мәліметтер жеке басты куәландыратын құжат бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесінде тексеріледі.
Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы.
- Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде күтім жасайтын адам ретінде айқындалған адамның орналасқан жері туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Орталық автоматтандырылған деректер базасы" ақпараттық жүйесінен жеке басын куәландыратын құжаты бойынша тексеріледі.
Күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақыны тағайындау үшін бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға қамқоршылық белгіленгенін растайтын құжаттарды, сондай-ақ бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның мүгедектігі туралы анықтамасын, психикалық денсаулық сақтау орталығында есепте тұру фактісі туралы мәліметтерді, банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді ұсыну көрсетілген құжаттарда қамтылған ақпарат 5-қосымшаға сәйкес мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуға сәйкес расталған кезде талап етілмейді.
Қызмет көрсету нәтижесі
Жәрдемақы тағайындау туралы хабарлама.
Порталда жәрдемақы тағайындау туралы хабарлама, сондай-ақ жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына sms-хабарландыру арқылы көрсетілетін қызметті алушыны қабылданған шешім туралы хабардар етеді.
Проактивті қызмет арқылы қызмет көрсетілген кезде қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына sms-хабарландыру арқылы ұсынылады.