Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банк операцияларына лицензия беру
Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)
- Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
- Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
- Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
- Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
- Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.
Қызметті мемлекеттік органнан алу (қажетті құжаттар)
Лицензия алу үшін
- Өтініш.
- "Электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеуді қоспағанда, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыру құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
- Жарғының көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда, жарғының нотариат куәландырған).
- Осы қаулымен бекітілген, құжаттарды ұсыну күнінің алдындағы күнгі жағдай бойынша банк операцияларын жүргізуге лицензия алу үшін банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қойылатын Біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының акционері (қатысушысы) туралы мәліметтердің нысаны және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі.
- Осы қаулымен бекітілген, құжаттарды ұсыну күнінің алдындағы күнгі жағдай бойынша банк операцияларын жүргізуге лицензия алу үшін банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қойылатын Біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес өтініш берушінің акционері (қатысушысы) (жеке тұлға үшін) туралы мәліметтердің нысаны және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі.
- Филиалдардың (олар болған кезде) тізімі және филиалдар туралы ережелердің нотариат куәландырған көшірмелері.
- Көрсетілетін қызметті алушы қызметкерінің тегін, атын және әкесінің атын (ол болған кезде) көрсете отырып штат кестесінің көшірмесі.
- Барлық жоспарланып отырған операциялар бойынша лицензияны алу мақсаттарын, көрсетілетін қызметті алушы бағдарланған нарық сегментін, қызмет көрсету түрлерін, маркетинг жоспарын (клиентураны қалыптастыру), көрсетілетін қызметті алушының қызметін қаржыландырудың көздерін, алғашқы 3 (үш) қаржы (операциялық) жылындағы кірістер мен шығыстардың болжамын ашатын және көрсетілетін қызметті алушы қызметінің жоспарына сәйкес келетін құрылымдық бөлімшесінің бар екендігін көрсететін бизнес-жоспар.
- Көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті органы бекіткен ішкі аудит қызметі (ревизиялық комиссия) туралы ереже (ол болған кезде).
- Көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті органы бекіткен кредит комитеті (ішкі кредит саясатын жүзеге асыратын орган) туралы ереже (ол болған кезде).
- Қазақстан Республикасының банктік заңнамасының талаптарына сәйкес келетін банк операцияларын жүргізудің жалпы талаптары туралы қағидалар.
- Осы қаулымен бекітілген, құжаттарды ұсыну күнінің алдындағы күнгі жағдай бойынша банк операцияларын жүргізуге лицензия алу үшін банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қойылатын Біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының атқарушы органының басшысы туралы мәліметтердің нысаны және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі.
- Бекітілген жарғылық капиталының ең аз мөлшерінің төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелері.
- Бухгалтерлік есепті және бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыру бойынша жабдықты және бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындау бөлігіндегі іс-шаралардың орындалғанын растайтын құжаттардың көшірмелері.
- Қазақстан Республикасының банктік заңнамасына сәйкес банк операцияларын жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыру үшін қажетті тиісті қызметкерлерді жалдауды растайтын құжаттардың көшірмелері.
Лицензияның телнұсқасын алу үшін
- Еркін нысанда жазылған өтініш.
- «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі.
Лицензияны қайта ресімдеу үшін
- Еркін нысанда жазылған өтініш.
- Қызметтің лицензияланатын түрінен банк операцияларының бір немесе одан да көп түрін алып тастаған жағдайда лицензияның түпнұсқасы (егер бұрын берілген лицензия қағазға басып шығарылған нысанда ресімделсе).
- «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі.
- Ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болатын өзгерістер туралы ақпараттан тұратын құжаттардың көшірмелері.
Қызмет көрсету нәтижесі
Лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу, лицензияны қоса бере отырып лицензияның телнұсқасын беру туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.