Қызметті онлайн алу
- Порталда авторлану және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту.
- Өтінімді толтыру. Өтінімге мыналарды қоса тіркеу:
- заңды тұлғаның қызметін тоқтату туралы БАҚ хабарландырудың жариялануын растайтын құжат;
- мүліктің иесі заңды тұлғаның немесе заңды тұлғаның мөрімен расталған құрылтай құжаттарымен осыған уәкілеттенген заңды тұлғаның органы немесе иесі өкілеттеген органның шешімі;
- заңды тұлғаның мөрін жою туралы құжат;
- акцияларды шығарудың күшін жою туралы Ұлттық Банктің хабарламасы (акционерлік қоғамдар үшін).
- филиал және өкілдікті есептен шығарған жағдайда филиал (өкілдік) туралы өтініш және ереже.
- Қызмет көрсеткені үшін мемлекеттік баж алымды төлеу.
Ескерту:
- онлайн қызметті банктерден, саяси партиялардан, олардың филиалдарынан және өкілдіктерден басқа заңды тұлғалар, филиалдар және өкілдіктер ала алады;
- шағын және орта кәсіптілік субъект болып келетін заңды тұлғаларға қызмет тегін көрсетіледі.
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу жолы (қажетті құжаттар):
- Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) қызметінің тоқтатылуын тіркеу туралы өтініш.
Үлесіне мемлекет қатысатын заңды тұлға тізілім ұстаушының белгісі бар өтінішті ұсынады.
- Заңды тұлға мүлкінің меншік иесінің немесе меншік иесі уәкілеттік берген органның не заңды тұлғаның мөрімен бекітілген құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген заңды тұлға органының шешімі. Егер заңды тұлға Жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылса, құжаттарды мөрмен бекіту талап етілмейді.
- Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында заңды тұлғаны тарату, кредиторлардың талаптарын мәлімдеу тәртібі мен мерзімдері туралы ақпараттың жарияланғанын растайтын құжат.
- Заңды тұлғаның мөрін (бар болса) жою туралы құжат.
- Төленгенін растайтын құжат; тіркеу алымының бюджетке қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркегені үшін заңды тұлға болып табылатын коммерциялық емес ұйым.
- Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда, коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркегені үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына төленгенін растайтын құжат.
Заңды тұлғаның таратылуын мемлекеттік тіркеу туралы өтініш заңды тұлғаның таратылуы туралы ақпарат жарияланған күннен бастап екі ай өткеннен кейін тіркеуші органға ұсынылады.
Өзіне қатысты сот заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату туралы шешім шығарған заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу заңды күшіне енген осындай шешім негізінде жүзеге асырылады.
Қызмет көрсету нәтижесі
Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу туралы немесе филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару туралы бұйрық немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
Порталда - "жеке кабинетке" шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама не көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жіберіледі.