ҚР Азаматтық Кодексіне сәйкес келісім мемлекеттік тіркелгеннен кейін жасалған болып есептеледі. Яғни, нотариатта жылжымайтын мүлікке рәсімделген және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ тіркелмеген келісімнің заңды күші болмайды.
Мүлікке құқықты тіркеу үшін қажетті құжаттар:
- Осы Қағидаларға 1 және (немесе) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу туралы өтініш.
Ортақ бірлескен меншік құқығының туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу кезінде тіркеу туралы өтінішті барлық қатысушылар не олардың біреуі қалған қатысушылардың нотариат тәртібімен куәландырылған келісімін ұсына отырып беруі мүмкін.
Ортақ үлестік меншік құқығының (өзге де ортақ құқықтың) туындауын, өзгеруін, тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу кезінде мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті барлық қатысушылар (уәкілетті өкілдер) беруге тиіс.
- Тіркеу объектісін растайтын құқық белгілейтін құжат.
Жер учаскесіне құқық (ауыртпалық) тіркелген жағдайда, жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты ұсынылады.
Жылжымайтын мүлік кепілі шарттары бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру кезінде құқықтарды (талаптарды) басқаға беру туралы шарт (активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарт) ұсынылады);
- Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін төлемді растайтын құжат.
Құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары) шарт немесе өзге де мәміле негізінде туындаған жағдайларда, оларды нотариат куәландырмаған кезде мәміленің барлық қатысушылары белгіленген тәртіппен өтініш беруге тиіс.
Банктік қарыз шартын қамтамасыз етуге берілген кепілдің туындауы мен өзгеруін тіркеуге өтінішті кепіл беруші және (немесе) кепіл ұстаушы береді. Кепіл ұстаушы өтініш берген жағдайда, мұндай тіркеуге кепіл берушінің нотариат куәландырған келісімі талап етіледі.
Жылжымайтын мүлік кепілі шарттары бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру кезінде кепілдің туындауы мен өзгеруін тіркеуге өтінішті кепіл берушінің келісімінсіз осындай тіркеуге құқық (талап ету) берілген кепіл ұстаушы береді.
Неке шарты болған кезде осы Шарт екі данада ұсынылады, оның біреуі түпнұсқа немесе нотариат куәландырған көшірме болып табылады.
Деректері құқық белгілейтін құжатта қамтылмаған басқа жұбайдың құқықтарын тіркеу үшін "неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес неке жасына жеткен өтініш беруші тіркеуге берілген өтініште неке қатынастарында тұру фактісінің жоқ екендігі туралы мәліметтерді не неке қатынастарының бар екенін растайтын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, өзінің жұбайы туралы мәліметтерді көрсетуге тиіс.
Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, туған күні немесе заңды тұлғаның атауы, тіркеу нөмірі өзгерген кезде өзгерістерді тіркеу туралы өтінішті осындай өзгерістер жататын құқық иесі береді.
Электрондық тіркеу мәмілеге қатысушылардың өтінішінсіз жүзеге асырылады.
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (осындай құқықтардың ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеу тіркеуші органға өтініш келіп түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Электрондық тіркеу құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін ақы төленгені немесе ақы төлеуден босатылғаны туралы растау келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Заңды тұлғалар, жоғарыда аталған құжаттардан басқа, құрылтайшы құжаттарды көрсетеді. Өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде немесе құрылтай құжаттарында ескерілген жағдайларда, жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алуға немесе иеліктен шығаруға құрылтайшылардың (қатысушылардың, директорлар кеңесінің, акционерлер кеңесінің) жиналыстарының хаттамаларын ұсынады.
Шетелдік заңды тұлғалар сауда тізілімінен заңдастырылған көшірмені немесе шетелдік заңды тұлғаның шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға екендігін куәландыратын заңдастырылған құжатты, мемлекеттік тілге және орыс тіліне нотариалдық куәландырылған аудармамен ұсынады.
Егер тiркеуге арналған өтiнiште сатып алынатын немесе сатылатын активтердiң жиынтық теңгерiмдiк құны Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгiленген мөлшерден асып кететiні туралы мәлiметтер болса, онда көрсетілетін қызметті алушы монополияға қарсы органның алдын ала жазбаша келiсiмiн ұсынады.
Мемлекеттік қызметтер:
Некеге тұру туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру
Некеге тұру туралы анықтама беру
Жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама