Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою
Көрсетілетін қызметті қалай онлайн алуға болады
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық – техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның немесе облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелердің мекен-жайына, сот құжаты шығарылған аймаққа қарамастан, өтініштің электрондық нысанын толтыру.
- Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» кодексінің 615-бабының 7) тармақшасына сәйкес әрбір апостильденген құжат үшін 0,5 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж төлеу.
- Өтінішке мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ережесіне сәйкес қажетті құжаттарды қоса тіркеу, электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қою және жіберу.
- Өтінішті уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі қарағаннан кейін пайдаланушыға жеке кабинетке ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) хабарлама және қызмет көрсетуге дайын екендігі туралы SMS-хабарлама не бас тарту себептері көрсетілген жауап келіп түседі.
- Қызмет көрсетуге дайын екендігі туралы хабарламаны алғаннан кейін өтініш беруші апостиль қою үшін уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне сот актісінің түпнұсқасымен келуі қажет. Құжаттардың түпнұсқалары хабарламада (хабарламада) көрсетілген мерзімде ұсынылмаған жағдайда қызмет көрсетуден бас тартылады. Қызметті алу үшін қайта жүгіну қажет.
Қызметті мемлекеттік органда немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ қызметті алу (қажетті құжаттар):
- Өтініш.
- Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
- Апостиль қою үшін ұсынылатын сот органдарынан шығатын ресми құжат.
- Көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін үшінші тұлға білдірген жағдайда, нотариалды куәландырылған сенімхат (салыстыру үшін).
- Көрсетілетін қызметті алушының тегінің, атының, әкесінің атының (бар болса) өзгергенін растайтын құжаттың көшірмесі (егер өзгеріс Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін тіркелген болса, құжат тиісті ақпараттық жүйелерден талап етіледі).
-
Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда).
Қызмет көрсету нәтижесі