Асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы
Қызмет «электрондық үкімет» веб-порталында пилоттық режимде іске қосылды.
Қызметті онлайн алу
- Порталда Авторизациядан өту және "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасы бойынша өту.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбамен) немесе смс-пароль көмегімен (мобильді азаматтар базасында міндетті түрде тіркелген болу керек) қол қою.
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Қызметті қалай алуға болатыны туралы бейнероликті қараңыз
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):
- Мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш беруші (немесе нотариат растаған сенімхат бойынша оның өкілі) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті ұсынады.
- "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 1-тармағына сәйкес жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат немесе қандас мәртебесі бар адамдар үшін қандас куәлігі не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі).
- Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы).
- Сәйкестендіру үшін баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (не туу туралы азаматтық хал актілері жазбаларынан мәліметтерді қамтитын анықтама).
- Қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) адаммен туыстық қатынастарды растайтын құжаттар немесе мәліметтер, баланың (балалардың) туу туралы мәліметтері, қайтыс болған асыраушының консулдық легализациясы не арнайы штампы (апостилы) болған кезде шет мемлекеттердің құзырлы органдары берген баланың Қазақстан Республикасынан тыс жерде тууын тіркеу туралы және неке (ерлі-зайыптылық) және некені бұзу туралы, асырап алу туралы, әке (ана) болуды белгілеу туралы куәліктер.
- Жалпы орта, техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымынан он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейінгі отбасы мүшелерінің күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылар немесе білім алушылар болып табылатыны туралы 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтамалар (жыл сайын жаңартылады).
Бұл ретте Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде білім беру ұйымдарында оқыған жағдайда білім беру ұйымынан анықтама ұсынылады, онда: оқу орнының толық атауы, білім алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), оның туған күні, оқу нысаны (бар болса), көрсетілген курста оқу курсы мен кезеңі, білім беру ұйымының мөрі және уәкілетті тұлғаның қолы.
Білім алушының академиялық демалыста болуы білім беру ұйымының анықтамасымен расталады.
- Қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген кезде, қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгенін растайтын құжат ұсынылады.
Құжаттарды мемлекеттік ақпараттық жүйелерден, соның ішінде цифрлық құжаттардың сервисінен алу мүмкіндігі болған кезде оларды ұсыну талап етілмейді.
Өтініш беруші осы тармақта көрсетілген құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға берген кезде көрсетілетін қызметті алушыға өтініште көзделген құжаттарды қабылдау туралы үзбелі талон беріледі.
Проактивті қызмет арқылы:
- Асыраушысынан айырылу жағдай бойынша әлеуметтік төлем тағайындау үшін – көрсетілетін қызметті алушының проактивті қызмет көрсетуге келісімі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы жіберетін банктік шот нөмірін растау немесе ұсыну.
Бұл ретте, оларды екінші деңгейдегі банктен алу мүмкін болған кезде банк шотының нөмірін ұсыну талап етілмейді.
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттардың сервисінен цифрлық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде бір реттік құпия сөзді жіберу жолымен немесе қысқа мәтінді хабар жіберу жолымен порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланыс абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі жағдайында іске асырылған интеграция арқылы алады.
Қызмет көрсету нәтижесі
Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.
Порталда: асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы Қор филиалы басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылған порталға өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жіберілген электрондық хабарлама.
Проактивті қызмет көрсету кезінде: өтініш берушінің ұялы телефонына sms-хабарлама.