Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту
Қызметті Мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар):
- 2-қосымшаға сәйкес өтініш.
- Сәйкестендіру құжатының көшірмесі (жер учаскесіне уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру актісі не жер-кадастрлық жоспар).
- Жер учаскесін уақытша (қысқа мерзімді ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалануға (жалға алуға) жасалған шарттың көшірмесі.
Қызмет көрсету нәтижесі
Көрсетілетін қызметті беруішінің жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешімі және уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шарты не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.