Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Сатылатын көлік құралын таңдап, сұрау салуды толтырыңыз. Сұрау салуда көлік құралын сатып алушының ЖСН көрсету қажет.
- ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) сұрау салуға қол қою.
- Сатып алушыдан растау алу.
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
- Егер сұрау салу оң нәтиже берсе, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ мамандандырылған бөліміне хабарласыңыз. Өзіңізбен бірге мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің түпнұсқалары, көлік құралын тіркеу туралы куәлік, көлік құралын тіркеуден шығару актісі болуы қажет.
Көлікті қайта тіркеуге растайтын сұрау салу:
- Порталда авторизациядан өтіп және жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) өту.
- Келісуді қажет ететін сұрау салумен танысыңыз.
- Сұрау салуды толтырып, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін және көлік құралын тіркеу туралы куәлікті алу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ мамандандырылған бөлімін таңдаңыз.
- Төлеуге:
- Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін шығаруға мемлекеттік баж салығы;
- Көлік құралын тіркеу туралы куәлікті дайындау үшін мемлекеттік баж салығы;
- Тіркеу жарнасы қажет.
*Төлем «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ мамандандырылған бөлімінің орналасқан жері бойынша жүргізілуі тиіс
- ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) сұрау салуға қол қою.
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
- Егер сұрау салу оң нәтиже берсе, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ мамандандырылған бөліміне хабарласыңыз. Өзіңізбен бірге мемлекеттік баждар мен алымдарды төлегенін растайтын құжаттар, көлік құралын тіркеу актісі, мәміленің электрондық нысаны туралы құжат болуы қажет.
Порталда қызмет тек жеке тұлғаларға көрсетіледі.
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
- жеке басты куәландыратын құжат;
- "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (бұдан әрі - Салық кодексі) белгіленген баждар мен алымдарды төлеу.
Бастапқы тіркеу үшін алымдарды төлеуден дипломатиялық өкілдіктер, халықаралық ұйымдар және (немесе) оның өкілдіктері, Қазақстан Республикасында тіркелген консулдық мекемелер, Қазақстан Республикасында акккредиттелген, "Дипломатиялық қатынастар туралы" 1961 жылғы Вена конвенциясына және "Консулдық қатынастар туралы" 1963 жылғы Вена конвенциясына сәйкес артықшылықтары мен иммуниттері бар қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері босатылады;
Көлік құралдарын бастапқы тіркеу кезінде өндірушілердің (импорттаушылардың) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде белгіленген кеңейтілген міндеттемелерді орындауы;
- техникалық құжат;
- МТНБ, КҚТК және/немесе кері әкету міндеттемесімен Қазақстан Республикасына уақытша әкелінген көлік құралдарының тіркеу құжаттары;
- заңды тұлғаның көлік құралын өзінің құрылымдық бөлінісіне немесе басқа заңды не жеке тұлғаға бөлу және беру туралы, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы адамның мөрі болуы тиіс болса, осы ұйымның мөрімен куәландырылған (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) бұйрығы (өкімі);
- көлік құралына, нөмірлік агрегатқа меншік құқығын растайтын құжат, оларға:
- кедендік ресімдеуден өткенін растайтын құжаттар (кеден декларациясы, кедендік кіріс ордері), уақытша кіргізген жағдайларда кері шығару туралы міндеттеме) (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа);
- орындауға жататын, мемлекеттік органның іс-әрекеттері туралы сот шешімінің, қаулысының, сот орындаушысы хабарламасының сот растаған көшірмелері қоса берілген атқару парағы;
- азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жасалған мәмілелер шарттары, куәліктер, мүлікті мұрагерлікке алу құқығы туралы құжаттар;
- Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімімен бекітілген "Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентіне (бұдан әрі - 018/2011 КО ТР) 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлікті:
- жеке тұлғалар Кеден одағы/Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі - КО/ЕЭО) бірыңғай кеден аумағына өз қажеттіліктері үшін әкелетін, айналымға шығарылатын көлік құралдарын мемлекеттік тіркеген кезде;
- көлік құралын дайындаған сәттен бастап үш жылдан көп уақыт өткен жағдайда, бұрын КО/ЕЭО мүше болып табылмайтын мемлекеттерде жол жүрісіне қатысқан, Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына әкелінетін көлік құралдарын заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеген кезде;
- жеке және заңды тұлғалар айналымға шығарылғанға дейін конструкциясына жеке тәртіппен өзгерістер енгізілген, сериялық өндіріс жағдайындағы; немесе сериялық өндірістен тыс жеке тәртіппен құрастыру жиынтығынан немесе жеке техникалық шығармашылық нәтижесі болып табылатын;
- базалық көлік құралын дайындаушының рұқсаты, базалық көлік құралын дайындаушылардың конструкцияға өзгерістер енгізудің тиісті түріне арналған ресми технологиялық құжаттары, ІІМ Әкімшілік полиция комитетімен келісілген, белгіленген тәртіппен бекітілген конструкторлық құжаттама, көлік құралының шассиін, рамасын немесе тірек шанағын ауыстыруға байланысты пайдаланудағы және Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында тіркелген көлік құралын мемлекеттік тіркеу кезінде қарап тексеру нәтижелері бойынша ІІО уәкілетті қызметкері шығарған қорытынды;
- пайдаланудағы және қайта жабдықталуына байланысты Кеден одағының бірыңғай кеден аумағында тіркелген көлік құралын мемлекеттік тіркеген кезде 018/2011 КО ТР 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралының оның конструкциясына енгізілген өзгерістермен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы куәлікті;
- 018/2011 КО ТР 14 және 15-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша көлік құралының түрін мақұлдауды, көлік құралы шассиінің түрін мақұлдауды:
- көлік құралын дайындаған сәттен бастап үш жылдан аз уақыт өткен жағдайда, заңды тұлғалар КО/ЕЭО мүшелері болып табылмайтын елдерден әкелінетін, айналымға шығарылатын көлік құралдарын мемлекеттік тіркеген кезде;
- жеке және заңды тұлғалар КО/ЕЭО мүше елдерден әкелінетін, айналымға шығарылатын көлік құралдарын мемлекеттік тіркеген кезде ұсынылады;
- жеке басты куәландыратын құжаттар, мекенжай анықтамасы туралы, заңды тұлғаны тіркеу туралы анықтама немесе куәлік туралы, баждар мен алымдар төленгені туралы (ЭҮТШ арқылы төлеген кезде), мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылатын көлік құралына салық төленгені туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Мемлекеттік корпорацияның мамандандырылған бөлімдері арқылы:
Құжаттарды қабылдау: түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Нәтижелерін беру: сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Қызмет көрсету нәтижесі
Көлік құралын тіркеген кезде - КҚТК, МТНБ.
Көлік құралын есептен шығару кезінде - есептен шығару туралы белгімен КҚТК.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.