Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) қол қою. Өтінімге құжаттарды тіркеу:
- талап арыз (*.doc форматында);
- өкілдің уәкілеттілігін куәландыратын сенімхат немесе өзге құжат;
- талапкер өзінің талаптарын негіздейтін жағдайларлы растайтын құжаттар, осы құжаттардың көшірмелері жауапкер және үшінші тараптар үшін, егер ол жоқ болса;
- оны даулау кезінде нормативтік құқықтық актінің мәтіні;
- кейінге қалдыру, ұзарту, сот шығындарын төлеуден босату немесе мөлшерлерін азайту, талапты қамтамасыз ету, дәлелдерді және басқаларын егер талап өтініште көрсетілмесе қамтамасыз ету туралы сұраныс хат.
- Талапкер туралы нысанды және жеке немесе заңды тұлға болып табылатын - жауапкер туралы мәліметтерді толтыру (жеке және заңды тұлғалар үшін). Электронды талап арыз нысаны бір немесе бірнеше талапкер және жауапкер нысаны бір немесе бірнеше жауапкердің мәліметтерін енгізуге мүмкіндік береді (жеке заңды тұлғалар).
- Заңды тұлғалар талап арыз бергенде жеке тұлғаның есеп жазбасын қолдану қажет (ЖСН арқылы), одан кейін талапкер жауапкер туралы мәліметтері жолдарын туралытолтырады, бұдан кейін талапкер туралы мәліметтер жолынау талапкер ретінде шығатын адамның мәліметтерін толтыру.
- «Электрондық үкімет» төлем шлюзінің бетіндегі «Төлем» түймесін басу арқылы төлем жасаңыз.
Ескерту. Онлайн өтініш беру кезінде облыстың атауы, соттың атауы, электрондық өтініш нөмірі бойынша процеске мониторинг жасау мүмкіндігі пайда болады. Бұл үшін сот істері бойынша анықтамалықпен пайдалану қажет.
Қызмет көрсету нәтижесі
Азаматтық істің нөмірін тағайындаумен талап-арызды қабылдау туралы хабарламаны алу немесе бас тарту туралы негізді жауап.