Назар аударыңыз!
- Бір талапкер бір ғана өтінім беруі тиіс (4 колледжге 4 мамандыққа дейін таңдау мүмкіндігімен).
- Тіркелген құжаттардың жалпы көлемі 5 Мб аспауы керек.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Тұлғалардың оқуға өтініштерін қабылдау:
1) білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша, арнайы оқу бағдарламалары бойынша, сондай-ақ рухани (діни) білім беру ұйымдарына, қылмыстық – атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарына - күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 29 тамызы аралығында, оқудың кешкі нысанына - күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында;
2) орта буын және қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына:
- мемлекеттік тапсырыс бойынша негізгі орта білім базасында күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 18 тамызы аралығында;
- жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім базасында күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 25 тамызы аралығында;
- ақылы негізде 20 маусымы мен 29 тамыз аралығында;
- оқудың кешкі және сырттай нысанына - күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында;
- шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша -күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 шілдесі аралығында;
- педагогикалық мамандықтар бойынша - күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 15 тамызы аралығында жүзеге асырылады.
Назар аударыңыз! Құрметті пайдаланушы! АХАЖ АЖ-да туу туралы актілік жазба бойынша деректер болмаған жағдайда, мәліметтерді өзектендіру үшін Сізге сілтеме бойынша сервисті пайдалану қажет. АХАЖ АЖ мәліметтерін өзектендіру бойынша сәтті мәртебені алғаннан кейін Сізге қызметке қайта тапсырыс беру қажет.
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
- Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Тіркелген құжаттарды сығымдау жөніндегі нұсқаулықпен танысуға болады.
Назар аударыңыз!!!
Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтамаларды алу кезінде кездесетін қиындықтарды ескере отырып, Білім және ғылым Министрі медициналық анықтамалық құжаттарсыз оқу орындарына құжаттарды қабылдауға уақытша рұқсат беретін бұйрыққа қол қойды.
«Электрондық үкімет» порталына онлайн өтініш берген кезде - медициналық анықтамаларды бекіту өрісі міндетті емес болып табылады.
I - Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау
Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
- құжаттарды қабылдау туралы өтініш;
- білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;
- 3x4 см көлеміндегі 4 дана фотосурет;
- № 075-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы және № 031-У нысаны бойынша I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындыны;
- жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны салыстыру үшін).
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттарды жеке өзі немесе заңды өкілдері ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушылар - шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар олардың мәртебесін айқындайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты ұсынады:
- шетелдік - шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтияр хаты;
- азаматтығы жоқ тұлға - азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
- босқын - босқын куәлігі;
- пана іздеуші тұлға - пана іздеуші тұлғаның куәлігі;
- қандас - қандас куәлігі.
II - Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру
Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
- Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйым басшысының атына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жатақханадан орын беру туралы өтініш;
- қандас мәртебесі туралы құжат;
- жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін).
III - Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну
Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
- белгіленген нысандағы өтініш;
- туу туралы куәлік - көп балалы отбасылардың балалары үшін (2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған жағдайда);
- қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы анықтамалар - жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін;
- мүгедектігі туралы анықтамалар - мүгедектер және бала кезінен мүгедектер үшін немесе психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы - даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін;
- өтініш берушінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілілігін растайтын анықтамалар - атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін;
- табысы туралы мәліметтер (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың еңбекақысы, кәсіпкерлік қызметтен және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыстар, балаларға және басқа да асырауындағыларға алимент түріндегі табыстар) - мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағытының еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, білікті жұмысшы кадрлар даярлауды қарастыратын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алатын студенттер, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау шеңберінде оқитын студенттер үшін:
- белгіленген нысандағы өтініш;
- оқу орнына қабылдау туралы бұйрық.
2,3,4-тармақтарда көрсетілген құжаттар түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен кейін түпнұсқалар өтініш берушіге қайтарылады.