Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтыру және оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қою. Өтінімде "Қазпошта" АҚ-да, "Халық Банкі" АҚ-да ашылған жеке шоттың (IBAN) нөмірін көрсету қажет.
Ескерту: жеке шот өтініш берушінің атына ашылуы тиіс
- Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) бала туғанда берілетін жәрдемақыны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламамен танысу. Хабарлама 7 жұмыс күні ішінде келіп түседі.
*Онлайн-қызмет тек бала тууға және бала күтімі бойынша жәрдемақыны тағайындау бөлігінде ғана көрсетіледі және 2007 жылғы 13 тамыздан бастап баланың туу туралы жазба актісі жазылған, сондай-ақ 2008 жылғы 1 маусымнан бастап некеге тұрған азаматтар үшін қолжетімді.
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):
- Өтініш.
- Жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат немесе қандас мәртебесі бар адамдар үшін қандас куәлігі не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі).
- Сәйкестендіру үшін баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (не туу туралы азаматтық хал актілері жазбаларынан мәліметтерді қамтитын анықтама).
Қажет болған жағдайда (олардың болуына байланысты):
- Консулдық заңдастыру не арнайы мөртабан (апостиль) (бар болса) болған кезде шет мемлекеттердің құзыретті органдары берген баланың Қазақстан Республикасынан тыс жерде тууын тіркегенін растайтын құжат.
- Сәйкестендіру үшін Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде берілген құжаттардың баланың (балалардың) қайтыс болуы туралы куәлігі (куәліктері) (не қайтыс болу туралы азаматтық хал актілерінің жазбаларынан мәліметтерді қамтитын анықтама).
- Бір жарым жасқа дейінгі баланы (балаларды) асырап алған кезде – қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган берген баланы (балаларды) асырап алу туралы сот шешімінен үзінді.
- Қрғаншылық (қамқоршылық) белгіленген кезде балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгенін растайтын құжат ұсынылады.
- Құжаттарды мемлекеттік ақпараттық жүйелерден, соның ішінде цифрлық құжаттардың сервисінен алу мүмкіндігі болған кезде оларды ұсыну талап етілмейді.
Проактивті қызмет арқылы:
- Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша - өтініш берушінің проактивті қызмет көрсетуге келісімін, сондай-ақ міндеттемелерді қабылдауын және банк шотының нөмірін растауын немесе ұсынуын өтініш беруші ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы жібереді.
Бұл ретте банк шотының нөмірін ұсыну оларды екінші деңгейдегі банктен алу мүмкіндігі болған кезде талап етілмейді.
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді беру арқылы немесе порталдың хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен алады.
Қызмет көрсету нәтижесі
Әлеуметтік төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.
Порталда: Қор филиалы басшысының электрондық цифрлық қолтанбасымен куәландырылған порталға өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жіберілген, әлеуметтік төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электронды хабарлама.
Проактивті қызмет көрсету кезінде: өтініш берушінің ұялы телефонына sms-хабарлама.