Қызметті онлайн алу
- "Онлайн сұратым" батырмасы бойынша өту (қызметтерді алу үшін сізде salyk.kz сайтында тіркеуіңіз болуы қажет).
Қызметті мемлекеттік органда алу үшін (қажетті құжаттар):
ЭДТ беру, тәуекелдерді басқару жүйесінің кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру түріндегі кедендік бақылау нысанын айқындауды қоспағанда, онда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің ұсынуымен сүйемелденбейді.
ТД-ны қағаз жеткізгіште беру көрсетілетін қызметті берушіге ТД-да мәлімделген мәліметтерді растайтын қағаз жеткізгіштегі құжаттарды, сондай-ақ оның электрондық түрін ұсынумен сүйемелденеді.
Мұндай құжаттарға мыналар жатады:
- Тауарлармен мәміле жасалғанын растайтын құжаттар, ал мұндай мәміле болмаған жағдайда – тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын растайтын өзге де құжаттар, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының иелігіндегі өзге де коммерциялық құжаттар.
- Көліктік (тасымалдау) құжаттар.
- Тыйым салулар мен шектеулердің, ішкі нарықты қорғау шараларының сақталуын растайтын құжаттар.
- Тауарлардың шығарылуы туралы құжаттар.
- Кедендік төлемдердің, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының төленгенін және (немесе) кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуді растайтын құжаттар.
- Кедендік төлемдерді, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер беру мақсаттары мен шарттарының сақталуын растайтын құжаттар.
Қағаз (жазбаша) нысанда, егер көрсетілетін қызметті берушіде көрсетілетін қызметті беруші пайдаланатын ақпараттық жүйелердің техникалық іркілістерден, байланыс құралдарының (телекоммуникациялық желілер мен интернет) жұмысындағы ақаулықтардан, электр энергиясының ажыратылуынан, авариядан, еңсерілмейтін күштің әсерінен немесе көрсетілетін қызметті беруші пайдаланатын ақпараттық жүйелердің жарамсыздығына әкеп соққан өзге де мән-жайлардан туындаған, көрсетілетін қызметті беруші пайдаланатын ақпараттық жүйелердің ақаулығына байланысты көрсетілетін қызметті алушының электрондық нысанда кедендік декларациялауды іске асыруын қамтамасыз етуге мүмкіндігі болмаса, жүзеге асырылуы мүмкін.
Қызмет көрсету нәтижесі
Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті лауазымды адамы қабылдаған, оның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) куәландырылған, оның ішінде көрсетілетін қызметті алушыға, сондай-ақ мүдделі тұлғаларға ақпараттық жүйе арқылы бір мезгілде хабардар ете отырып, тауарларды шығару шешімі туралы хабарлама немесе тауарларды шығарудан бас тарту туралы шешім түріндегі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.