Төлем ұйымдарын ерікті түрде қайта ұйымдастыруды (біріктіруді, қосуды, бөлуді, бөліп шығаруды, қайта құруды) жүргізуге келісім беру
Қызметті онлайн алу («электрондық лицензиялау» www.elicense.kz порталында)
- «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту, осыдан кейін жаңа терезеде «электрондық лицензиялау» порталы ашылады.
- Жүйеге кіру немесе «электрондық лицензиялау» порталында тіркелу.
- Қызметтің паспортында құжаттар пакетімен танысу және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту.
- Қажетті деректерді көрсетіп, өтінішті толтыру және өз ЭЦҚ қою.
- Берілген өтініштің мәртебесін Жеке кабинетте «Менің өтінішім» тарауында қадағалау. Рұқсатты алу туралы «Менің рұқсаттама құжаттарым», хабарлама алу туралы - «Менің хабарламаларым» тарауынан біле аласыз.
Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар):
- Төлем ұйымын ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы шешім.
- Төлем ұйымын ерікті түрде қайта ұйымдастырудың болжанатын талаптарын, нысандарын, тәртібін және мерзімдерін сипаттайтын құжаттар.
- Қайта ұйымдастырылатын төлем ұйымдарының атқарушы органдарының басшылары қол қойған қосу (біріктіру) туралы шарт.
- Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес аудиторлық есеп.
- Төлем ұйымын ерікті түрде қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған қызметті жүзеге асыру қағидалары.
Қызмет көрсету нәтижесі
Келісу нәтижесі бойынша қабылданған шешім туралы хабарлама, не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.