Тауар таңбасына, селекциялық жетістікке, өнеркәсіптік меншік объектісіне, сондай-ақ интегралдық микросхема топологиясына айрықша құқықты беруді тіркеу
Қызметті онлайн алу
- «Электрондық үкімет» веб-порталында авторизациялау, «көрсетілетін қызметке онлайн тапсырыс беру» қызметін таңдау және бастырмасын басу. (Single Sign-On) біріңғай кіру технологиясы арқылы newcab.kazpatent.kz қосымша авторизациясыз жеке кабинетке өту жүзеге асырылады.
- newcab.kazpatent.kz жеке кабинетте өтінімді толтыру және оны ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңба) қол қою.
- Жеке кабинетте және аталған профильде көрсетілген электрондық поштада қызмет көрсету мерзімі ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу.
Қызмет көрсету нәтижесі
Өнеркәсіптік меншік объектілеріне айрықша құқықты беруді тіркеу немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.