Озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге рұқсат беру
Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)
- Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
- Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
- Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
- Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
- Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.
Қызметті мемлекеттік органнан алу (қажетті құжаттар):
Озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге.
- Көрсетілетін қызметті алушының (жеке басын сәйкестендіру үшін) (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) жеке басын куәландыратын құжат, не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат.
- Нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылған озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге рұқсат алуға өтініш.
- Делдалдық қызмет көрсету туралы шарттың (келісімшарттың) көшірмесі (егер көрсетілетін қызметті алушы ретінде делдал әрекет етсе).
- Әзірлеушінің (өндірушінің), ол шығарған озон қабатын бұзатын заттардың немесе құрамында олар бар өнімдердің оларға сәйкес әзірленетін құжаттардың талаптарына сәйкес келетіні туралы сәйкестік сертификатының көшірмесі немесе жазбаша хабарламасы.
- Адамның денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтіретін жағдайда, озон қабатын бұзатын заттардың және құрамында олар бар өнімдерді әкелуді жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті алушының жүктерді сақтандырудың қолданыстағы сақтандыру полисінің не Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де кепілдіктерін қамтамасыз етуін растайтын құжаттың көшірмесі.
- Кәдеге жаратылған және (немесе) қайта айналысқа түскен озон қабатын бұзатын заттар әкелінген жағдайда озон қабатын бұзатын заттарды қалпына келтіруді жүзеге асыру туралы (егер қалпына келтіруді көрсетілетін қызметті алушы жүзеге асырмаған жағдайда ұсынылады) ұйыммен жасасқан шарттың (келісімшарттың) көшірмесі және озон қабатын бұзатын заттарды қалпына келтіруді жүзеге асыруды жоспарлаған ұйымда белгіленген тиісті талаптарға сәйкес келетін қондырғының болуын растау.
- Кәдеге жаратылған және (немесе) қайта айналысқа түскен озон қабатын бұзатын заттар әкелінген жағдайда озон қабатын бұзатын заттарды жоюды жүзеге асыру туралы (қалпына келтіруді көрсетілетін қызметті алушы жүзеге асырмаған жағдайда ұсынылады) ұйыммен жасасқан шарттың (келісімшарттың) көшірмесі және озон қабатын бұзатын заттарды жоюды жүзеге асыруды жоспарлаған ұйымда Монреаль хаттамасы Тараптарының шешімдерімен мақұлданған озон қабатын бұзатын заттарды жою технологияларына сай келетін қондырғының бар болуын растау.
- Озон қабатын бұзатын заттарды шикізат ретінде пайдалану үшін әкелген жағдайда озон қабатын бұзатын заттарды озон қауіпсіз химиялық заттарын өндіру үшін шикізат ретінде ғана пайдаланатынын растайтын көрсетілетін қызметті алушы хатының көшірмесі не озон қабатын бұзатын заттарды озон қауіпсіз химиялық заттарын өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын ұйыммен шарттың (келісімшарттың) көшірмесі.
- Озонды бұзатын заттарды бір рет және бірнеше рет пайдалану ыдысында әкелінетінін растайтын мәліметтердің көшірмелері.
Озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге әкетуге.
- Көрсетілетін қызметті алушының (жеке басын сәйкестендіру үшін) (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) жеке басын куәландыратын құжат, не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат.
- Нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылған озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге әкетуге рұқсат алуға өтініш.
- Делдалдық қызмет көрсету туралы шарттың (келісімшарттың) көшірмесі (егер көрсетілетін қызметті алушы ретінде делдал әрекет етсе).
- Әзірлеушінің (өндірушінің), ол шығарған озон қабатын бұзатын заттардың немесе құрамында олар бар өнімдердің оларға сәйкес әзірленетін құжаттардың талаптарына сәйкес келетіні туралы сәйкестік сертификатының көшірмесі немесе жазбаша хабарламасы.
- Адамның денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтіретін жағдайда, озон қабатын бұзатын заттардың және құрамында олар бар өнімдерді әкетуді жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті алушының жүктерді сақтандырудың қолданыстағы сақтандыру полисінің не Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де кепілдіктерін қамтамасыз етуін растайтын құжаттың көшірмесі.
- Кәдеге жаратылған және (немесе) қайта айналысқа түскен озон қабатын бұзатын заттар әкелінген жағдайда озон қабатын бұзатын заттарды жоюды жүзеге асыру туралы (қалпына келтіруді көрсетілетін қызметті алушы жүзеге асырмаған жағдайда ұсынылады) ұйыммен жасасқан шарттың (келісімшарттың) электрондық көшірмесі және озон қабатын бұзатын заттарды жоюды жүзеге асыруды жоспарлаған ұйымда Монреаль хаттамасы Тараптарының шешімдерімен мақұлданған озон қабатын бұзатын заттарды жою технологияларына сай келетін қондырғының бар болуын растау.
- Озон қабатын бұзатын заттарды шикізат ретінде пайдалану үшін әкелген жағдайда озон қабатын бұзатын заттарды озон қауіпсіз химиялық заттарын өндіру үшін шикізат ретінде ғана пайдаланатынын растайтын көрсетілетін қызметті алушы хатының электрондық көшірмесі не озон қабатын бұзатын заттарды озон қауіпсіз химиялық заттарын өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын ұйыммен шарттың (келісімшарттың) көшірмесі.
- Озон қабатын бұзатын заттарды шикізат ретінде пайдалану үшін әкеткен жағдайда озон қабатын бұзатын заттарды озон қауіпсіз химиялық заттарын өндіру үшін шикізат ретінде ғана пайдаланатынын растайтын көрсетілетін қызметті алушы хатының көшірмесі не озон қабатын бұзатын заттарды озон қауіпсіз химиялық заттарын өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын ұйыммен шарттың (келісімшарттың) көшірмесі.
- Егер Одаққа мүше мемлекеттің заңнамасында озон қабатын бұзатын заттардың бір рет пайдалану ыдысында әкетуге тыйым салу белгіленген жағдайда озон қабатын бұзатын заттардың бірнеше рет пайдалану ыдысында тасымалданатынын растайтын мәліметтердың көшірмесі.
Қызмет көрсету нәтижесі
Озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге рұқсат не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.