Қызметті онлайн алу
- «Электрондық үкімет» веб-порталында авторизациялау, «көрсетілетін қызметке онлайн тапсырыс беру» қызметін таңдау және бастырмасын басу. (Single Sign-On) біріңғай кіру технологиясы арқылы newcab.kazpatent.kz қосымша авторизациясыз жеке кабинетке өту жүзеге асырылады.
- newcab.kazpatent.kz жеке кабинетте өтінімді толтыру және оны ЭЦҚ -мен (электрондық цифрлық қолтаңба) қол қою.
- Жеке кабинетте және аталған профильде көрсетілген электрондық поштада қызмет көрсету мерзімі ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу.
Қызмет көрсету нәтижесі
1) Тауар таңбасын тіркеу кезінде:
Тауар белгілерінің мемлекеттік тізіліміне тауар белгісін енгізу, тауар таңбасына куәлік беру және берілгені туралы мәліметтерді жариялау немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап.
2) Тауар таңбасының куәлігіне телнұсқа беру кезінде:
Тауар таңбасының куәлігіне телнұсқа беру немесе мемлекеттік қызметтерді ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап.