Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу
Қызметті онлайн алу
- Авторизациядан өту және «Қызметті онлайн алу» батырмасы бойынша өту (қызметтерді алу үшін сізде sez.qazindustry.gov.kz сайтында тіркеуіңіз болуы қажет).
- sez.qazindustry.gov.kz сайтындағы қажетті деректерді толтырыңыз және сұратымға ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қойыңыз. «Qazindustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ порталындағы жеке кабинетте өтінішті қарау мәртебесін қадағалаңыз.
Қызметті "Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" АҚ алуға (қажетті құжаттар):
Көрсетілетін қызметті алушы өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға жұмсалған шығындардың өтемін алған кезде мынадай құжаттарды ұсынады:
- Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алуға өтінім.
- Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орындаушының қызметтер көрсету (жұмыстарды орындау) қорытындылары бойынша өтініш берушінің есебі.
- Төлеуге жұмсалған шығындары оларды өтеу үшін өтінімге енгізілген қызметтер көрсетуге (жұмыстарды орындауға) арналған шарттың, сондай-ақ осындай шартқа барлық қосымшалардың және/немесе толықтырулардың көшірмесі, келісімдер.
- Өтелетін шығындар бойынша орындаушы көрсеткен қызметтер (орындаған жұмыстар) актісінің (актілерінің) көшірмесі.
- Өтелетін шығындар бойынша орындаушы көрсеткен қызметтердің (орындаған жұмыстардың) жалпы сомасына жасалған шот-фактуралардың көшірмелері.
- Орындаушы көрсеткен қызметтердің (орындаған жұмыстардың) жалпы сомасына төлем құжаттарының көшірмелері және/немесе жұмыстарды орындау кезінде тұрақсыздық айыбын (өсімпұлын) ұстап қалу кезінде талаптарды өзара есепке алу кезінде есеп айырысудың аккредитивтік нысаны кезінде ұсынылатын көрсетілген қызметтердің (орындалған жұмыстардың) төленгенін растайтын құжаттар ретінде орындаушы көрсеткен қызметтердің (орындаған жұмыстардың) жалпы сомасына төлем құжаттарының көшірмелері.
- Бекітетін басым тауарлар тізбесіне енгізілген өнім өндірісін растайтын өтелетін кезеңге қолданыстағы құжаттардың көшірмелері (СТ-KZ сертификаты, ЕАЭО сәйкестік сертификаты, ЕАЭО сәйкестік туралы декларациясы, индустриялық сертификат).
Егер орындаушы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болған жағдайда, осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген құжаттың орнына қызмет көрсету фактісін және осындай заңды тұлғаның тіркелуін растайтын құжаттар ұсынылады.
4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттар "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің және "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес ресімделеді.
Қызмет көрсету нәтижесі
Шығындарды өтеу туралы келісім не мемлекеттік қызмет көрсетуден жазбаша бас тарту.