Бизнестің жол картасы 2025 бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы Баспаға шығару нұсқасы
Cоңғы өзгеріс: 05.10.2022Пайдалы сілтемелер:
«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (Бағдарлама) Мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту бағдарламасын іске асыру механизмдерінің бірі болып табылады.
Бағдарламаның мақсаты экономиканың шикізаттық емес секторларындағы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сонымен қатар бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады.
Біріңғай бағдарлама 4 бағытты қамтиды:
- Моноқалаларды, шағын қалаларды және ауылдық елді мекен кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау;
- Экономиканың және өңдеу өнеркәсібінің басым секторларында жұмыс істейтін кәсіпкерлерді салалық қолдау;
- Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету;
- Кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған қаржылық емес шаралар.
1. Моноқалаларды, шағын қалаларды және ауылдық елді мекен кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау
Бірыңғай бағдарламаны іске асырудың бірінші бағыты бойынша мемлекеттік қолдау:
Бағдарламаның бірінші бағыты кәсіпкерлерге мынадай:
- банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау;
- ислам банктерінің кірісін құрайтын тауарға үстеме бағаның бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау;
- банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру бойынша қаржылық қолдау шараларын көрсетуді көздейді.
Толық ақпаратты:
- www.damu.kz сайтынан алуға болады;
- Call-орталық: 8 (727) 244 55 77; 8 (800) 080 1890 немесе: 1408 қысқа нөмірі (Қазақстан бойынша тегін)
2. Экономиканың басым секторларында және өңдеуші өнеркәсіп салаларында қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлерді салалық қолдау
Бірыңғай бағдарламаның екінші бағыты бойынша өңдеуші өнеркәсіптің басым салалары шеңберінде экономиканың басым секторларында жүзеге асырылуда.
Бірыңғай бағдарламаны іске асырудың бірінші бағыты бойынша мемлекеттік қолдау:
- Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау.
- Ислам банктерінің кірісін құрайтын тауарға үстеме бағаның бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау.
- Өңдеу өнеркәсібінде және көрсетілетін қызметтер, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу бойынша қолжетімді кредиттеу міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз ету шеңберінде берілген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау.
- Кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау.
- Банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру.
- Өңдеу өнеркәсібінде және көрсетілетін қызметтер, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу бойынша қолжетімді кредиттеу міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз ету шеңберінде банктер беретін кредиттер бойынша ішінара кепілдік беру.
- Мемлекеттік гранттар беру.
- Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту.
- Индустриялық аймақтар құру.
3. Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін азайту
Үшінші бағыт бойынша шетелдік валюталардың ауытқуларына байланысты валюталық тәуекелдердің кредитте өзгеруін болдырмау үшін банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін ұлттық және шетелдік валюталарда субсидиялау жүзеге асырылатын болады.
Бағдарламаның үшінші бағыты кәсіпкерлерге мынадай қаржылық қолдау шараларын ұсынуды көздейді:
- Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау.
- Ислам банктерінің кірісін құрайтын тауарға үстеме бағаның бір бөлігі мен жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау.
Экономиканың басым секторларында қызметін жүзеге асыратын және кәсіпкер қаржы агенттігіне өтініш бергенге дейінгі алдыңғы алты айдағы ақшалай түсімнің жалпы көлемінен кемінде 10 % мөлшерінде валюталық түсім алатын кәсіпкерлер Бағдарламаның үшінші бағытының қатысушылары бола алады.
Толық ақпаратты:
- www.damu.kz сайтынан алуға болады;
- Call-орталық: 8 (727) 244 55 77; 8 (800) 080 1890 немесе: 1408 қысқа нөмірі (Қазақстан бойынша тегін)
4. Кәсіпкерлікке қаржылай емес қолдау шараларын көрсету
Төртінші бағыт жеке кәсіпкерлерге және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа мемлекеттік қаржылық қолдау көрсетуді көздейді.
Мемлекеттік қаржылық емес қолдау көрсету:
- "Бизнес-Насихат" компоненті бойынша мемлекеттік қолдауды түсіндіру.
- Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттары туралы түсіндіру.
- Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру.
- Кәсіпкерлік қызметтің негіздерін оқыту.
- Мамандардың, кәсіпорындардың топ-менеджерлерінің біліктілігін арттыру.
- Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлікті жүргізуге сервистік қолдау көрсету.
- Рұқсат құжаттары мен техникалық шарттарды алуға консультация беру.
- Басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын енгізу, кәсіпорындардың өнімділігін және энергия үнемдеуін арттыру бойынша сырттан консультанттарды тарту.
- Кәсіпорындардың технологиялық дамуы.
- Шетелдік серіктестермен іскерлік қарым-қатынас орнату.
Кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған қаржылық емес шараларды кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымы аясында жеке кәсіпкерлік субъектілеріне «бір терезе» арқылы қызмет көрсету, қайталануды жою, ережелерді және талаптарды оңайлату, оңтайландыру, белгіленген тәртіптер мен ережелерді автоматтандыру мынадай қағидаттарды сақтай отырып іске асыру.
Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымына мыналар кіреді:
3) бизнес-инкубаторлар.
Толық ақпаратты:
- www.damu.kz сайтынан алуға болады;
- Call-орталық: 8 (727) 244 55 77; 8 (800) 080 1890 немесе: 1408 қысқа нөмірі (Қазақстан бойынша тегін)
Субсидиялаудың негізгі шарттары
Бірінші бағыт аясында:
Субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын және 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша ғана жүзеге асырылады, оның номиналды мөлшерлемесінің 50%-ын мемлекет өтейді, ал айырмасын кәсіпкер төлейді.
Инвестицияға бағытталған кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 5 (бес) жылды құрайды. Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерді субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығысыз 3 (үш) жылды құрайды.
Екінші бағыт аясында:
Субсидиялауға жататын несиенің максималды сомасы бір кәсіпкерге 2,5 млрд. теңгеден аспауы тиіс.
Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын, 5 (бес) пайыздық тармаққа көбейтілген, оның ішінде 40% номиналды мөлшерлемесін мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша ғана субсидиялау жүзеге асырылады.
Даму банкінің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 13%-дан аспайтын кредиттер бойынша жүзеге асырылады, оның 6%-ын жеке кәсіпкерлік субъектісі төлейді, ал айырмасын мемлекет өтейді.
Даму банкінің қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 13%-дан аспайтын қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады, оның 5%-ын мемлекет өтейді, ал айырмасын кәсіпкер төлейді.
Инвестицияға бағытталған кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 5 (бес) жылды құрайды. Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерді субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығысыз 3 (үш) жылды құрайды.
Үшінші бағыт аясында:
Бірыңғай бағдарламаның екінші бағыты бойынша субсидияланатын несиелік / лизингтік келісімдердің максималды көлемі бір кәсіпкерге 2,5 млрд. теңгеден аспауы керек.
Субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын және 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған банк кредиттері бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін, оның номиналды мөлшерлемесінің 30%-ын мемлекет өтейді, ал айырмасын кәсіпкер төлейді.
Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 12%-дан аспайтын Банктің валюталық стандартты кредиттері бойынша жүзеге асырылуы мүмкін, оның 5% дейін мемлекет өтейді, ал айырмасын кәсіпкер төлейді.
Субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесіне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын және 5 (бес) пайыздық тармаққа арттырылған лизингтік компаниялардың/банктің/даму банкінің қаржы лизинг шарттары бойынша ғана жүзеге асырылады, оның ішінде номиналды мөлшерлеменің 40%-ын мемлекет өтейді, ал айырмасын кәсіпкер төлейді.
Даму банкінің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 13 %-нан аспайтын кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін, оның 5%-ы мемлекет өтейді, ал айырмасын кәсіпкер төлейді.
Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау даму банкі сыйақы мөлшерлемесін 11%-ға дейін төмендететін даму банкінің валюталық кредиттері бойынша жүзеге асырылуы мүмкін, оның 4%-ын мемлекет өтейді, ал айырмасын кәсіпкер төлейді.
Инвестицияға бағытталған кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 5 (бес) жылды құрайды. Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерді субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығысыз 3 (үш) жылды құрайды.
Кепілдік алудың жалпы шарттары
- Кепілдеме тек жаңа жобаларды іске асыруға берілген жаңа несиелерге ғана емес, сондай-ақ инвестициялауға, өндірісті модернизациялауға және кеңейтуге бағытталған жобаларды қамтамасыз етіледі, оның ішінде қайта қаржыландыру.
- Кепілдеме бірінші және екінші бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
Бірінші бағыт: кепілдік қатысушылар:
2) кәсіпкердің тіркелу орнын ескермей және салалық шектеулерсіз барлық өңірлерде өзінің және тиімді жобаларын іске асыратын және (немесе) жоспарлайтын жас, іс бастаушы кәсіпкерлер.
Екінші бағыт: мына жобаларды іске асыратын және / немесе жүзеге асыруды жоспарлаған кәсіпкерлер: экономиканың басым секторларындағы.
ІСІН ЖАҢА БАСТАҒАН КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ЭКСПРЕСС-КЕПІЛДІКТЕР
Іс бастаушы кәсіпкер - қарыз алу үшін банкке өтініш жасау кезінде жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі 3 (үш) жыл болған кәсіпкер ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер - жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелу мерзімі кредит алу үшін банкке/лизингтік компанияға жүгінген кезде үш жылдан кем уақытты құрайтын, 29 жасқа дейінгі (қоса алғанда) жеке кәсіпкер (жас шамасы ісін жаңа бастаған жеке кәсіпкердің банкке/лизингтік компанияға жүгінген күнге айқындалады, ісін жаңа бастаған кәсіпкер жұмыс істеп жатқан үлестес кәсіпкердің ағымдағы қызметінен ерекшеленетін жаңа қызмет түрін құрған жағдайда, оның ісін жаңа бастаған/істеп жатқан кәсіпкерлермен үлестес болуына жол беріледі).
Кепілдіктің максималды мерзімі – несие сомасының 85% дейін.
Ұсынылатын кепілдіктің мерзімі - кредит мерзімінен аспайды.
Кепілдік құны - тегін (комиссиясыз) кәсіпкелер үшін;
Қордың жобаны қарау мерзімі – 5 жұмыс күні;
Несиенің мақсаты: инвестиция; жаңа құрал алып, ескісін жаңарту; айналым қаражатын толтыру, оның ішінде қайта қаржыландыру.
Несиенің шегі - 60 млн. теңгеге дейін.
БИЗНЕСІ БАР КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ЭКСПРЕСС-КЕПІЛДІКТЕР
Бизнесі бар кәсіпкер - қарыз алу үшін банкке өтініш жасау кезінде жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі 3 (үш) жылдан асқан кәсіпкер.
Кепілдіктің максималды мерзімі – несие сомасының 50% дейін.
Ұсынылатын кепілдіктің мерзімі - кредит мерзімінен аспайды.
Кепілдік құны - тегін (комиссиясыз) кәсіпкелер үшін;
Қордың жобаны қарау мерзімі – 5 жұмыс күні;
Несиенің мақсаты: инвестиция; жаңа құрал алып, ескісін жаңарту; айналым қаражатын толтыру, оның ішінде қайта қаржыландыру.
Несиенің шегі - 180 млн. теңгеге дейін.
БИЗНЕСІ БАР КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖЕКЕ КЕПІЛДІКТЕР
Кепілдіктің максималды мерзімі – 360 млн. теңгеге дейінгі жобалардың несие сомасының 50% -нан аспайды.
Ұсынылатын кепілдіктің мерзімі - кредит мерзімінен аспайды.
Кепілдік құны - тегін (комиссиясыз) кәсіпкелер үшін.
Қордың жобаны қарау мерзімі – 10 жұмыс күні.
Несиенің мақсаты: инвестиция; жаңа құрал алып, ескісін жаңарту; айналым қаражатын толтыру, оның ішінде қайта қаржыландыру.
Несиенің максималды мөлшері - экономиканың басым секторларындағы жобаларға 360 млн. теңгеге дейін.
Мемлекеттік грант тағайындау
Жеке кәсіпкерлер, жас кәсіпкерлер, әйелдер, мүгедектер және 50 жастан асқан тұлғаларға (бұдан әрі - кәсіпкерлер) арналған мақсатты гранттар экономиканың басым секторларында жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін өтеусіз және қайтарымсыз негізде бөлінеді.
Бір Кәсіпкерге арналған гранттың ең көп сомасы 3 000 000 (үш миллион) теңгеден аспауы керек.
Грант қаражатын мемлекет жергілікті атқарушы органдар арқылы (бұдан әрі - үйлестіруші) мақсатты гранттарды ұсыну бойынша кәсіпкерлерді іріктеу бойынша өткізілетін тендерлердің нәтижелері бойынша қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар конкурсқа қатысудың міндетті шарты - кәсіпкерлердің (жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның құрылтайшысының) «Кәсіпкерлік кеңесші» / «Бизнес-Кеңесші-I» немесе «Жас кәсіпкер мектебі» жобасы бойынша іс бастаушы кәсіпкерлер үшін қысқа мерзімді оқытудан өту болып табылады.
Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдерді қарау кезінде Кәсіпкердің бизнес-жобасын бағалаудың келесі критерийлері негізінде ұсыныстар береді:
- бизнес идея жаңалығы;
- бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігі (нарықтық қажеттіліктерді маркетингтік талдауды дамыту);
- бизнес-жобаны іске асыруға дайындығы (өндірісті ұйымдастыру туралы мәселені әзірлеу, кәсіпкерді орналастыру үшін үй-жайдың болуы, нарық, өндірісті іске қосу үшін жобалық дайындық дәрежесі).
Кәсіпкерлер грант қаражатын келесі мақсаттарда пайдалануға тиіс:
- негізгі құралдар мен материалдарды сатып алу;
- материалдық емес активтерді сатып алу;
- технологияларды сатып алу;
- франшизаға құқықтарды алу;
- Зерттеулер мен жаңа технологияларды енгізумен байланысты шығындар.
1. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары
Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - КҚКО) - егер жергілікті бюджеттен қаражат болса жеке кәсіпкерлік субъектілеріне және халыққа қаржылық агенттіктің аймақтық филиалдарында құрылған және / немесе өңірлердің, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, жергілікті атқарушы органдардың палаталары жанынан құрылған кәсіпкерлік бастамаларына мемлекеттік қолдау көрсетудің инфрақұрылымдық кешені.
КҚКО функциялары:
5) қаржы институттарымен еңбек жағдайларын нақтылау.
КҚКО қызметтері жеке кәсіпкерлік субъектілеріне және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа тегін беріледі.
2. «Іскерлік байланыстар» құралы
Құралдың мақсаты - халықаралық және шетелдік ұйымдардың қолдауымен шетелдік серіктестермен іскерлік байланыс орнату есебінен ШОК субъектілеріне қолдау көрсету.
«Іскерлік байланыстар құралы екі кезеңнен тұрады»:
Бірінші кезең Қазақстан Республикасы аумағында жүзеге асырылады.
Бірінші кезең бойынша қатысушылардың біліктіліктерін арттыру, бизнес-серіктестермен іскерлік байланыстар орнату, кәсіпкерлікті, маркетингті жүргізудің заманауи тәсілдерін оқыту және 3 апталық тегін бизнес-тренингтер (шетелдік және отандық бизнес-үйретушілер мен кеңесшілер басшылығымен).
Екінші кезең бойынша шет елдегі төрт апталық тақырыптық бизнес-тағылымдама ұқсас сала кәсіпорындарында, және шетелдік серіктестермен мына мәселелер бойынша іскерлік байланыс орнату:
- Өз біліктілігі бойынша шет елдік кәсіполрында тағлымдамадан өту.
- Технологияны трансферттеу мен құрал-жабдық сатып алу.
- Өзара тауарлар, жұмыс пен қызметтерді жеткізу.
- Франшиза мен лицензия алу.
- Халықаралық және шетелдік ұйымдардың гранттарын алу; бірлескен кәсіпорын құру.
3. Топ-менеджментті оқыту
«Шағын және орта кәсіпкерлік топ-менеджментін оқыту» компоненті «Назарбаев Университеті» ДБҰ Жоғары мектебі базасында «Бізнестің жол картасы 2025» бизнесті дамыту мен қолдаудың Бірыңғай бағдарламасы аясында шетелдік оқыту орталықтарын тартумен табысты бизнесті құрудың жаңа модельдерін енгізуге, жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды тиімді басқарудағы машықтарды дамыту мен стратегиялық және тактикалық бизнес міндеттерді шешуге бағытталған.
Оқытудың мақсаты:
- Топ-менеджерлерді жаңа модельдер жасауға және бизнесті жүргізуге оқыту.
- Компанияның бәсекеге қабілеттілігін,өміршеңдігін және тұрақты өсуін арттыру.
- Тұрғындардың бизнесті жүргізудегі кәсіпкерлік деңгейін көтеру.
Мақсатты топ – ШОК субъектілері.
Орындаушы –«Назарбаев Университет» ДБҰ.
4. «Бизнес – кеңесші» бағдарламасы
«Бизнес-Кеңесші» бағдарламасы Оператордың стандартталған қызметтер пакетін ұсынуды көздейді, оған мыналар кіреді:
- Кәсіпкерлік бастамасы бар халықты кәсіпкерлік негіздеріне қысқа мерзімді оқыту.
- Кәсіпкер үшін қажетті құжаттардың стандартты пакетін ұсыну.
- Оператордың бизнес-порталына кәсіпкерлердің ақпараттық-аналитикалық қолдауын және еркін қолжетімділігін ұйымдастыру.
- Экономиканың басым секторларында маркетингтік зерттеулердің нәтижелерін қамтамасыз ету.
Қысқа мерзімді тренинг барысында кәсіпкерлерге кәсіпкерлік негіздері бойынша оқу материалдарымен, құжаттардың стандартты пакеттері, оның ішінде құрылтай құжаттары, стандартты бизнес-жоспарлар, техникалық-экономикалық негіздемелер, несие құжаттары, салаға арналған маркетингтік зерттеулер туралы есептер және кіші бизнес үшін бизнес идеялар ұсынылады.
5. «Аға сеньорлар» бағдарламасы
«Аға сеньорлар» компоненті - Аға сеньорлар тәжірибесі мен білімін пайдалану көмегімен шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудағы олардың миссияларына сәйкес Аға сеньорлар әрекетін үйлестіретін, халықаралық шетелдік ұйымдармен бірлесе жүзеге асырылады. Кеңес беру бағдарламасына Аға сеньорлардың бағдарлама қатысушыларымен тікелей кәсіпорын аумағында кездесуінен, сонымен қатар қатысушылар толтырған өтінімдерді саралау негізінде әзірленген сарапшының тәжірибелік ұсынымы енгізілген.
«Аға сеньорлар» компонентінің жүзеге асырылу шарттары:
- Жобаға экономиканың басым секторларында жұмыс істеп жүрген шағын және орта бизнес кәсіпорындарының жоғары және орта буын басшылары қатыса алады.
- Компонент бойынша шетелдік сарапшыларды тартудың шығындары, сонымен қатар шетелдік сарапшылардың ұшып келуі, кетуі, қызметінің өтеуі республикалық бюджет есебінен төленеді.
- Сарапшының Қазақстанда мекендеуіне байланысты шығындары: жатын жайы, тамағы, ел ішіндегі көлікпен қатынауы, күндігі, сонымен қатар аудармашының қызметтерін кәсіпкер өз қаражатынан төлейді.
- Компонентке қатысушылардың шет елдегі жұмысын ұйымдастыру, виза, жатынжайы, тамағы халықаралық және шет елдік ұйымдардың гранты есебінен жүзеге асады.
7. Кәсіпкерлерге арналған сервистік қолдау
«Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасының төртінші бағыты бойынша кәсіпкерлерге ағымдағы бизнесті жүргізу үшін сервистік қолдау көрсетіледі. Сервистік қолдау Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында қызмет етеді. Астана, Алматы, Шымкент және Семей қалаларында, сондай-ақ Қазақстанның барлық облыс орталықтарында «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейді. Моноқалаларды, шағын қалаларды және аудан орталықтарының тұрғындарына қызмет көрсету орталықтарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Өңірлік және аудандық Кәсіпкерлер палатасымен байланысу арқылы қызметтер алуға болады.
Осы Құралдың операторы - «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Даму» қоры Құралдың жүзеге асуына мониторинг жасайды.
Кәсіпкерлер үшін арнайы қызметтер тегін ұсынылады.
Сервистік қолдауды жүзеге асыру шеңберінде кәсіпкерлер келесі қызмет түрлерін ала алады:
1. Бухгалтерлік және салықтық есептерді жүргізуге, сонымен қатар статистикалық есеп-қисапты құруға байланысты қызметтер мына сұрақтар бойынша кеңестерді қамтиды:
- салық салулар және салықтық басқарулар;
- салықтық заңнама және кәсіпорынның бухгалтерлік әрекетін реттейтін заңнама;
- бастапқы құжаттарды өңдеу, салықтар және өзге де бюджет аударымдарын есептеу;
- бухгалтерлік есепті қалпына келтіру;
- бухгалтерлік есепті жүргізу;
- «1С-Бухгалтерия» бағдарламасымен жұмыс;
- салықтық және статистикалық есепке дайындық және өткізу;
- шеттегі ұйымдардың қаржылық әрекеті бойынша қосымша есептеме құру;
- электронды статистикалық есептілікті ұсыну.
2. Кедендік үдерістер бойынша қызметтер, келесілерді қосқанда:
- кедендік заңнама және кедендік рәсімдер аясында кеңес беру;
- тауарларды декларациялау тәртібі мен ережелері, кедендік құнды анықтау мен түзету жасау, кедендік декларацияны толтыру бойынша кеңес беру;
- нақты тауарлар бойынша тарифті және тарифсіз реттеулер бойынша кеңес беру;
- ішкі экономикалық әрекеттерді құжаттық ілеспе қызмет көрсету;
- лицензия, сыртқы экономикалық әрекетке рұқсат алу үшін кеңес беру;
- кедендік Одақ аясында жүктерді декларациялау бойынша кеңес беру;
- сыртқы сауда келісім-шарты шарттары бойынша кеңес беру қызметтері.
3. Кәсіпкерлердің және кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындардың өтінімдерін:
- лицензия және рұқсат алу мәселелері бойынша – мемлекеттік органдарда;
- кредиттер алу мәселелері бойынша – екінші деңгейдегі банктерде;
- мемлекеттік қолдау шараларын алу мәселелері бойынша – даму институттарында сүйемелдеу.
4. Заң қызметтерін көрсету, келесілерді қосқанда:
- (жеке кәсіпкердің) кәсіпорнын тіркеуге, қайта тіркеуге, таратуға құжаттар даярлау үшін кеңес бер қызметтері;
- (жеке кәсіпкердің) кәсіпорнын тіркеуге, қайта тіркеуге, таратуға құжаттар даярлау;
- жоба шарттарын әзірлеу бойынша кеңес беру;
- жоба шарттарын әзірлеу;
- азаматтық және еңбек құқығы саласында кеңес беру;
- құжат айналымын жүргізу бойынша кеңес беру;
- ұсынылған мінездемемен құжат айналымын аудиттеу;
- бизнес-жоспардан басқа несиелеуге құжаттар пакетін дайындау бойынша кеңес беру;
- бизнес-жоспардан басқа несиелеуге құжаттар пакетін дайындау;
- кадрлық құжаттамаларды жүргізу бойынша кеңес беру;
- ұсынылған мінездемемен кадрлық құжаттамаларды аудиттеу;
- ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес құжаттарды тексеруге байланысты кеңес беру қызметтері.
5. Маркетинг мәселелері бойынша қызметтер, келесілерді қосқанда:
- баға саясатын әзірлеу бойынша кеңес беру;
- нарықты есепке ала отыра нақты тауарлар, жұмыстар мен қызметтер бойынша баға саясатын әзірлеу, сонымен қатар мемлекеттік сатып алулар, ұлттық компаниялар мен ұқсас тауарлар бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алулары, жұмыстар мен қызметтердің жоспарлары мен қорытындысын талдау;
- бизнес-жоспар әзірлеу мен екінші дейгейлі банктердің қарауына дайындауға кеңес беру;
- бизнес-жоспар әзірлеу және екінші дейгейлі банктердің қарауына дайындау;
- кәсіпорынның маркетингтік стратегиясын әзірлеу бойынша кеңес беру;
- (жеке кәсіпкердің) кәсіпорынның маркетингтік стратегиясын әзірлеу;
- (жеке кәсіпкердің) кәсіпорынның маркетингтік әрекетін бағалау мен талдау жасау бойынша кеңес беру;
- (жеке кәсіпкердің) кәсіпорынның маркетингтік әрекетін бағалау мен талдау жасау;
- тауарларды жылжыту жоспарын және/немесе жұмыс және/немесе қызметті талдауға, сұраныстағы тауар түрлерін және/немесе жұмыс және/немесе қызметтерді зерттеуге кеңес беру;
- мінездеме немесе тұжырымдама берілген тауарларды жылжыту жоспарын және/немесе жұмыс және/немесе қызметті талдауға, сұраныстағы тауар түрлерін және/немесе жұмыс және/немесе қызметтерді зерттеуге;
- бәсекелі ортаны талдау бойынша кеңес беру;
- нарықты есепке ала отыра нақты бәсекелі ортаны талдау, сонымен қатар мемлекеттік сатып алулар, ұлттық компаниялар мен ұқсас тауарлар бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алулары, жұмыстар мен қызметтердің жоспарлары мен қорытындысын талдау;
- жарнама компанияларының сауда таңбаларын әзірлеу бойынша кеңес беру;
- жарнама компанияларының сауда таңбаларын әзірлеу.
6. Ақпараттық технологиялармен қызмет көрсету саласындағы кеңес берулер, қамтиды:
- интернет ресурстарды қолдау мен әзірлеу;
- (жеке кәсіпкердің) кәсіпорынның сайт-визиткасын құру;
- интернетте бизнесті құру мен жүргізу;
- электронды есепті тапсыру бағдарламасын орнату мен қолдау;
- «1 С-Бухгалтерия» бағдарламасын орнату мен қолдау.
7. Мемлекеттік сатып алулар, ұлттық компаниялар жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларына байланысты қызметтер, қамтиды:
- байқау/тендерге қатысу үшін өтінім дайындау;
- байқау/тендерге қатысу үшін сараптама (аудит) өтінімін жүргізу;
- Қазақстандағы мемлекеттік сатып алулар бойынша бірыңғай құрылымдалған ақпараттық базаға, интернет-дерек көзіне қосылу;
- мемлекеттік және басқа да сатып алуларға қатысу үшін кәсіпорынның/жеке кәсіпкердің құжаттамаларын жетілдіру мүмкіндігін талдау;
- сатып алуды ұйымдастырушылардың әрекетіне/әрекетсіздігіне шағымдану;
- Қазақстандық маңызын есептеу;
- жылдық сатып алулардың негізінде Қазақстандағы мемлекеттік және басқа да сатып алулардың нарық сыйымдылығы бойынша талдамалық есебін ұсыну.
8. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік саласындағы консультациялар (бұдан әрі - МЖӘ):
- жеке серіктестікті анықтау бойынша тендер шеңберінде әлеуетті жеке серіктестің конкурстық өтінімін дайындау;
- жеке серіктестің анықтамасы шеңберінде МЖӘ жобасының тұжырымдамасын әзірлеу;
- МЖӘ келісімшартын дайындау және жасау;
- МЖӘ жобаларын іске асыру.
Кепілдік алу үшін қажетті бизнеске арналған автоматтандырылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бір тізіммен
Бизнесті тіркеу және дамыту
Тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтама беру
Заңды тұлғаның барлық тіркелген әрекеттері туралы анықтама алу
Заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы анықтама беру
Құрылтай құжаттарына соңғы толықтырулар мен өзгерістердің енгізілгені туралы анықтама беру
Заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы анықтама беру
Заңды тұлғаның үлесіне салынған ауыртпалықтар (тыйым салу) туралы анықтама беру
Салықтар және қаржылар
Мемлекеттік кіріс органдарда есебі жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәлімет
Жылжымайтын мүлік
Жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы анықтама беру
Қаржы және банктік іс