«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» Баспаға шығару нұсқасы
Cоңғы өзгеріс: 21.09.2022Пайдалы сілтемелер:
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (бұдан әрі – «Даму» Қоры) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 26 сәуірдегі №665 «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру туралы» қаулысының негізінде құрылған.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы №571 «Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы» Жарлығына сәйкес «Даму» Қорының жалғыз акционері «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ болып табылады.
«Даму» Қорының Қазақстанда шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуде 20 жылдық тәжірибесі бар. 2010 жылға дейін «Даму» Қорының бағдарламаларының қатысушыларының көпшілік бөлігі екінші деңгей банктерінде қаражаттарды шартталған орналастыру бағдарламаларының шеңберінде қаржылық қолдау алған. Қаражаттарды шартталған орналастыру бағдарламаларын іске асыру шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілерінің несиелері бойынша сыйақының пайыздық мөлшерлемелерінің жалпы деңгейін төмендетуде маңызды орын алды.
«Даму» Қорының міндеті – шағын және орта кәсіпкерлікті (ШОК) сапалы дамытуға жан-жақты қолдау көрсету.
Қаржылық қолдау түрлері:
- аймақтар мен жекелеген салаларға арналған мақсатты бағдарламалар аясында екінші деңгейлі банктер арқылы жеңілдікпен несиелендіру, кішігірім кредиттеу ұйымдары арқылы кішігірім кредиттеу;
- субсидиялау – банктердің бизнесті дамытуға бөлетін несиелерінің сыйақы мөлшерлемесін азайту;
- кепілдендіру – банктер алдындағы кепілзаты жетпеген жағдайда жартылай кепілдеме беру.
Сондай-ақ, «Даму» Қорының аймақтық филиалдарының негізінде тарту менеджерлері «Даму» Қорының барлық қаржылық бағдарламалары бойынша кеңес беру қызметтерін ұсынады.
2010 жылдан бастап «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске қосудың арқасында «Даму» Қоры арқылы кәсіпкерлікке қолдау көрсету құралдарының спектрі елеулі кеңи түсті. Соның ішінде, шағын және орта бизнес субъектілерінің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау, шағын және орта бизнес субъектілерінің кредиттеріне кепілдік беру басталды, сондай-ақ шағын және орта бизнеске кеңес беріп қолдау және оқыту бағдарламаларын ауқымды іске асыру бастау алды.