"Еңбек" бағдарламасының үшінші бағыты мынадай міндеттерді іске асыруды көздейді:
• жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
• еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру;
• жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаңды дамыту.
Бұл салада Мемлекеттік бағдарламаның қатысушыларына келесі мүмкіндіктер беріледі:
• мәліметтер базасындағы бос жұмыс орындарына жұмысқа орналасу;
• уақытша жұмыс орындарына жұмысқа орналасу;
• ерікті қоныс аудару.
ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҚҰРУ
Әлеуметтік жұмыс орындары барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда, сондай-ақ үйде ұйымдастырылады, бұл ретте салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды ұдайы жүргізетін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам қызмет ететін жұмыс берушілер қатысуға жіберіледі.
Әлеуметтік жұмыс орындары тұрақты жұмыс орындарынан тыс және тұрақты жұмыс орындарына арналған бос жұмыс орындарынан тыс құрылады. Мұндай жұмыс орындары ауыр жұмыстарда, зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстарда құрылмайды.
Әлеуметтік жұмыс орындарындағы жұмыс уақытша сипатқа ие болады. Азаматтардың әлеуметтік жұмыс орындарына қатысу ұзақтығы он екі айдан аспайды.
Әлеуметтік жұмыс орындарына қатысу үшін жұмыссыздар жұмыспен қамту орталықтарына келесі құжаттарды қоса бере отырып өтініш береді:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) жұмыс кітабының көшірмесі (бар болса);
3) білім туралы куәліктің көшірмесі (бар болса).
ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Жастар практикасы меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері қатарындағы, алдыңғы үш жыл ішінде оқуын аяқтаған және жиырма тоғыз жасқа толмаған жұмыссыздарға арналған.
Жастар практикасы уақытша болып табылады. Жастар практикасының ұзақтығы алты айдан аспайды.
Жастар практикасына қатысу үшін жұмыссыздар жұмыспен қамту орталықтарына келесі құжаттарды қоса отырып өтініш береді:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) жұмыс кітабының көшірмесі (бар болса);
3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуын растайтын құжаттың көшірмесі .
ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады. Қоғамдық жұмыстар жұмыскердің алдын ала кәсіптік даярлығын талап етпейді және әлеуметтік пайдалы бағытта болады.
Қоғамдық жұмыстар республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттер және жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша олардың қаражаты шегінде қаржыландырылады.
Қоғамдық жұмыстарға қатысуға:
1) жұмыссыздардың;
2) денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмыстарға оқудан бос уақытта студенттердің және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларының;
3) бос тұрып қалуға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдардың құқығы бар.
Қоғамдық жұмыстарға қатысуға ниет білдірген адамдар келесі құжаттарды қоса бере отырып өтініш береді:
• жұмыс кітабы (бар болса);
• білім туралы құжаттар (сертификат, сертификат, диплом), егер бар болса, оқуды аяқтағанын растайтын құжаттар (сертификат, сертификат).
Он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі, қоғамдық жұмыстарға қатысқысы келетін студент немесе орта мектеп оқушысы өтінішке:
• ата-аналарының біреуінің немесе заңды өкілдерінің жазбаша келісімі;
• оқу үдерісінен тыс қоғамдық жұмыстарға қатысуға білім беру мекемесінің жазбаша келісімі.
АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫС ОРНЫНА ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ ("АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫС ОРНЫ" ЖОБАСЫ)
Заңға сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің қосымша шараларын іске асыру шеңберінде еңбек нарығында жастардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оларға қажетті еңбек дағдыларын беру және алғашқы жұмыс орнына бейімдеу мақсатында халықты жұмыспен қамту орталықтары "Еңбек" бағдарламасына қатысушыларды алғашқы жұмыс орнына орналастыруды ұйымдастыруды жүзеге асырады ("Алғашқы жұмыс орны" жобасы).
"Алғашқы жұмыс орны" жобасы бойынша жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру алғаш рет жұмыс іздеп жүрген түлектер, жиырма тоғыз жастан аспаған, оның ішінде жұмыс тәжірибесі жоқ NEET санатындағы жастар қатарындағы жұмыс іздеп жүрген адамдар, халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыз адамдар үшін жүзеге асырылады.
Жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығымен жасасқан шарт негізінде "Алғашқы жұмыс орны" жобасы бойынша "Еңбек" бағдарламасына қатысушыны кемінде жиырма төрт айға тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастырады, бұл ретте халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыстың бірінші жылы үшін еңбекақыны субсидиялайды.
Бірінші жұмысқа орналасу үшін өтініш берушілер жұмыспен қамту орталықтарына келесі құжаттарды қоса бере отырып өтініш береді:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) жұмыс кітабының көшірмесі (бар болса);
3) білім туралы куәліктің көшірмесі (бар болса).
ЗЕЙНЕТКЕРЛІК ЖАСҚА ЖЕТКЕН ЖҰМЫС ІСТЕП ЖҮРГЕН ЖҰМЫСКЕРДІ КЕЙІН АУЫСТЫРУМЕН ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ ("ҰРПАҚТАР КЕЛІСІМШАРТЫ" ЖОБАСЫ)
Заңға сәйкес халықты жұмыспен қамтудың қосымша шараларын іске асыру шеңберінде жұмыс іздеп жүрген адамдар, халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан жұмыссыз адамдар үшін халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша "Еңбек" бағдарламасына қатысушыларды жұмысқа орналастыруды зейнеткерлік жасқа жеткен жұмыс істеп жүрген жұмыскерді кейін ауыстырумен жұмысқа орналастыруды ("Ұрпақтар келісімшарты" жобасы) ұйымдастырады.
"Ұрпақтар келісімшарты" жобасы бойынша жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығымен жасасқан шарт негізінде "Еңбек" бағдарламасына қатысушыны кемінде он сегіз айға тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастырады, бұл ретте халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыстың алты айы үшін еңбекақы төлеуді субсидиялайды.
Астында жұмыспен қамту үшін «келісім-шарт ұрпақтар» жобасы, талапкерлер қоса тіркелген төмендегі құжаттармен бірге жұмыспен қамту орталықтарына өтініш:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) жұмыс кітабының көшірмесі (бар болса);
3) білім туралы куәліктің көшірмесі (бар болса).
ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫНЫҢ ҰТҚЫРЛЫҒЫН АРТТЫРУ
Мемлекеттік бағдарламаға қатысушыларды ерікті түрде көшіру жүзеге асырылады:
1) жұмыс күші артық аудандардан (бұдан әрі - кету аймақтары) жұмыс күші жетіспейтін аудандарға (бұдан әрі - қоныс аударуға арналған аймақтар);
2) сол облыстың шегінде - экономикалық әлеуеті төмен ауылдардан мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй бөлу және тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар облыстық (аудандық) маңызы бар қалаларға дейін.
Үкімет ішкі қоныс аударушыларды қабылдау үшін 6 облысты (Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары) және кететін 8 облысты (Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қызылорда, Маңғыстау облыстары, Алматы, Шымкент және Астана қалалары) анықтады.
Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және олардың отбасы мүшелері жаңа тұрғылықты жерге ерікті түрде қоныс аударудың мемлекеттік бағдарламасының қатысушылары болып табылады.
Мемлекеттік бағдарламаға қатысушыларды мемлекеттік қолдау мыналарға субсидия беруді қамтиды:
• қоныс аудару (25 АЕК - бір аймақтың ішіне қоныстандыру үшін немесе 35 АЕК - елді мекен аймақтарына қоныстану үшін);
• тұрғын үйді жалдау (жалдау) құнын өтеу және 12 айға ай сайын коммуналдық қызметтерге ақы төлеу (15-20 АЕК - ауылдық жерлерге көшіп келгендер үшін немесе 20-30 АЕК - қалалық жерлерге көшкендер үшін).
Мемлекеттік бағдарламаға қатысуға ниет білдіргендер кету аймақтарынан қоныс аударуды жоспарлап отырған адамдар тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді.
Мемлекеттік бағдарламаға қатысу үшін қажетті құжаттар:
• қатысуға өтініш;
• Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың, оралманның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
• Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы No 319 бұйрығымен бекітілген нысандағы өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер;
• еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса) немесе жұмыс орнынан анықтама;
• оралмандар үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 15 қаңтардағы No 20 бұйрығымен бекітілген нысандар бойынша комиссияның оралмандарды қабылдауға аймақтық квотаға енгізу (келісім) немесе бас тарту туралы шешімінің және уәкілетті органның шешімінің көшірмесі.