Қызметтік тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің азаматтық персонал адамдарын (бюджеттік ұйымдар қызметкерлерін) есепке қою
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба).
- Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін, сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу қажет.
Қызметті онлайн қалай алуға болатыны туралы бейнероликті қараңыз
Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар):
- Өтініш тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде алынған, мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында орналастырылған жалдаушы бойынша (көрсетілетін қызметті алушының және оның отбасы мүшелерінің тұрақты пайдалануында осы елді мекенде мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы) ақпараттың электрондық көшірмесі.
- Ақпараттық жүйеде деректер, азаматтық хал актілерін (туу, қайтыс болу, неке қию (ерлі-зайыпты болу), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу, бала асырап алу, әке (ана) болуды анықтау, атын, әкесінің атын және тегін өзгерту) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің электрондық көшірмелері болмаған жағдайда.
Өтініш берушінің отбасы мүшелері деп басқа адамдар танылған жағдайда соңғылары өздерін өтініш берушінің отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімінің электрондық көшірмесін ұсынады;
- Еңбек кітапшасының электрондық көшірмесі.
- Отбасы тұратын тұрғын үй белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келмеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы жүргізген санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижесі бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының электрондық көшірмесін қосымша ұсынады.
- Отбасы тұратын тұрғын үй белгіленген техникалық талаптарға сәйкес келмеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы аттестатталған сарапшының техникалық қорытындысының (тұрғын үйді техникалық тексеру нәтижесі бойынша) электрондық көшірмесін қосымша ұсынады.
Жеке басын куәландыратын құжаттардың, некеге тұру немесе оны бұзу, балалардың тууы туралы куәліктің, өздеріне меншік құқығында тиесілі тұрғын үйдің (Қазақстан Республикасы бойынша) болуы немесе болмауы туралы анықтаманың, отбасында он сегіз жасқа толмаған мүгедек бала болған кезде халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінен мүгедектік туралы анықтаманың, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-14 бұйрығымен бекітілген Кейбір созылмалы аурулардың ауыр нысандарының тізімінде атап көрсетілген аурулармен ауыратын отбасы мүшелері болған кезде денсаулық сақтау ұйымынан анықтаманың мәліметтері көрсетілетін қызметті берушіге барлық отбасы мүшесіне тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы ұсынылады.
Қызмет көрсету нәтижесі
Есепке қою күнін және кезектің реттік нөмірін көрсетумен қызметтік тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қою туралы анықтама немесе қызметтік тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қоюдан бас тарту туралы анықтама беру.