Қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың сомасын қайтару
* Қадамдық нұсқаулық * (жүктеу)
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қою.
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Қызметті онлайн қалай алуға болатыны туралы бейнероликті қараңыз
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-та қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
Мемлекеттік корпорацияда қабылдау Орталық филиал арқылы немесе пошта арқылы жүзеге асырылады (мысалы, KAZPOST).
Электрондық үкіметтің Веб-порталы Жеке тұлғаларға (қызметкерлерге) электрондық үкімет Веб-порталының жеке кабинетінде Хабарлама нысанында салымшының жеке зейнетақы шотынан ақшаны есептен шығаруға келісім алуға сұрау салу жібереді.
Егер төлем тапсырмасының барлық таңдалған элементтері бойынша жеке тұлғалар (қызметкерлер) аударылған міндетті зейнетақы жарналарын төлеушінің шотына қайтаруды жүзеге асыру үшін жеке зейнетақы шотынан сомаларды есептен шығаруға келісім бермеген жағдайда, электрондық үкіметтің Веб-порталы автоматты түрде қызмет көрсету процесін аяқтауға бастамашылық жасайды.
Жеке тұлғалардың (қызметкерлердің) жеке зейнетақы шотынан сомаларды есептен шығаруға келісімі алынған төлем тапсырмасының тізімдік бөлігінің элементтері бойынша электрондық үкіметтің Веб-порталы көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы немесе жеке тұлғаның (ЖК) электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған электрондық өтінішті автоматты түрде қалыптастырады.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
- Мемлекеттік корпорация – әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) өсімпұлдарды қайтарған жағдайда.
- Электрондық үкіметтің Веб-порталы.
Қызмет көрсету нәтижесі
"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры"АҚ-да электрондық өтінішті қарау туралы хабарлама.
Порталда қате есептелген міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың сомаларын қайтару туралы ақпарат өтініш берушінің "Жеке кабинетіне" хабарлама нысанында жіберіледі.