Жүктілікке және босануға әлеуметтік төлем тағайындау
Қызметті онлайн алу:
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұрау" батырмасын басу қажет.
- Міндетті толтырылатын жолдарды толтырып, файылды қоса беру қажет.
- ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қою қажет (мобильді азаматтар базасында базасында тіркеу бар болу қажет).
- Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) қалыптастырылған электрондық құжатпен және/немесе сұрау салудың нәтижесі туралы хабарламамен танысу қажет.
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):
- Өтініш беруші (немесе нотариат растаған сенімхат бойынша оның өкілі) өтінішті ұсынады.
- "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат немесе қандас мәртебесі бар адамдар үшін қандас куәлігі не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі).
- Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы.
- Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты берілген еңбекке уақытша жарамсыздық парағы (парақтары).
Проактивті қызмет арқылы:
- Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша - өтініш берушінің проактивті қызмет көрсетуге келісімін, сондай-ақ міндеттемелерді қабылдауын және банк шотының нөмірін растауын немесе ұсынуын өтініш беруші ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы жібереді.
Қызмет көрсету нәтижесі
Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.
Порталда: қор филиалы басшысының электрондық цифрлық қолтанбасымен куәландырылған порталға өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жіберілген, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электронды хабарлама.
Проактивті қызмет көрсету кезінде: өтініш берушінің ұялы телефонына sms-хабарлама.