Азаматтарды әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлау
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
- Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін, сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу.
Қызмет көрсету нәтижесі
Бірінші кезеңде – азаматтарды әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлауға қабылдау туралы хабарлама немесе осы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Екінші кезеңде – әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы бойынша оқуды аяқтағаны туралы сертификат беру.