Отын-энергетикалық және минералды шикізат аудандары мен кен орындары бойынша жер қойнауы туралы ақпараттың экспортына лицензия беру
Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында):
- "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасы бойынша жүріңіз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
- Авторлану немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркелу.
- "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басқаннан кейін ашылған "Электрондық лицензиялау" порталының парағында "Өтініш беру" сілтемесі бойынша өту.
- Өтінішті толтырыңыз және өз ЭЦҚ қол қойыңыз.
- Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.
Қызмет көрсету нәтижесі
Отын-энергетикалық және минералды шикізат аудандары мен кен орындары бойынша жер қойнауы туралы ақпараттың экспортына лицензия және (немесе) оған қосымша немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.