Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
Қызмет құны
Тегін
Қызмет көрсету мерзімі
15 жұмыс күн
Қызметтің толық атауы
Авиация персоналына куәлiктер беру
Қосымша
Онлайн сұрау Автоматтандырылған қызмет
Баспаға шығару нұсқасы
Айдар парағына өту
Авиация персоналына куәлiктер беру
Сіз авторизациялаудан өтпедіңіз. Қызметті алу үшін авторизациялаудан өту немесе тіркелу керек.
Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)
- Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
- Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
- Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
- Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
- Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):
1. Ұшу экипажы мүшелерінің куәлігін алу үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
- Өтініш.
- Жеке ұшқыш, коммерциялық авиация ұшқышы, көптеген экипаждың ұшқышы және желілік ұшқыш үшін, дирижабль, тікұшақ немесе көтеру күшін ұлғайту жүйесі бар әуе кемесінің); көп мүшелі экипаж ұшқышы (ұшақ).
- Авиакомпанияның желілік ұшқышы (ұшақ, тікұшақ немесе көтеру күшін ұлғайту жүйесі бар әуе кемесінің), ұшқыш немесе біліктілік куәлігін беру, қолданылу мерзімін ұзарту үшін осы стандарттың 1-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш.
- Жеңіл және аса жеңіл әуе кемелерінің ұшқыштары үшін өтініш жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіліп, сонымен қатар ақпараттық жүйелерде бар болатын, заңмен қорғалатын құпия болып табылатын мәліметтерді қолдануға келісім жазылып, ерікті нысанда жазылады.
- Штурман куәлігін немесе біліктілік белгісін беру, қолданылу мерзімін ұзарту үшін штурман өтініші осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша.
- Бортинженер (бортмеханик) куәлігін немесе біліктілік белгісін беру, қолданылу мерзімін ұзарту үшін бортинженер (бортмеханик) өтініші осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша.
- Бортрадист өтініш жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіліп, сонымен қатар ақпараттық жүйелерде бар болатын, заңмен қорғалатын құпия болып табылатын мәліметтерді қолдануға келісім жазылып, ерікті нысанда жазылады.
- АОО немесе авиациялық оқу орнын бітіргені туралы құжаттардың көшірмелері.
- Кешенді тренажерда (LPС) соңғы тексеру нәтижелері туралы актінің (нысанның) көшірмесі, 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұшақ пилоттары үшін немесе осы стандарттың 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тікұшақ пилоттары үшін біліктілік деңгейін тексеру актісі немесе осы стандарттың 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұшуды тексеру актісінің көшірмесі.
- Осы стандарттың 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық авиация ұйымының қолымен және мөрімен (болған жағдайда) расталған ұсыным (ұшу экипажының мүшелеріне).
- Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (шетел азаматтары үшін "Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабына сәйкес нотариалды куәландырылған құжаттың көшірмесі).
- Екі фотосурет (түрлі-түсті, күңгірт, өлшемі 3,5 х 4,5 см, оң жақ бұрышы бар).
- Тиісті медициналық қорытындының көшірмесі.
- Радиотелефон байланысында пайдаланылатын ағылшын тілін білуге тестілеуден өткенін растайтын сертификаттың көшірмесі (халықаралық ұшуды орындайтын ұшу экипажының мүшелері үшін).
- Қауіп пен қателік факторларын бақылау қағидаттарын қоса алғанда, адамның мүмкіндіктері бойынша оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі.
- Ұшу кітапшасының көшірмесі.
- Осы стандарттың 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған сәйкестік парағы, әскери есепке алу есебі (мемлекеттік авиациядан келушілер үшін).
- Ұшу экипажы мүшелері куәлігінің түпнұсқасы (куәлік бүлінген немесе ауыстырылған жағдайда).
2. Әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерінің, авиациялық станция операторының куәлігін алу үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
- Жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетілген ерікті нысандағы өтініш, сондай-ақ ақпараттық жүйелерде болатын, заңмен қорғалатын құпия болып табылатын мәліметтерді қолдануға келісім.
- АОО-ны немесе авиациялық оқу мекемесін аяқтағаны туралы құжаттардың көшірмелері және осы стандарттың 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Біліктілік емтиханын жүргізу хаттамасының көшірмесі.
- Осы стандарттың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша азаматтық авиация ұйымының қолымен және мөрімен (бар болған жағдайда) куәландырылған ұсыным.
- Екі фотосурет (түрлі-түсті, күңгірт, мөлшері 3,5 х 4,5 см, фотоға қараған жақтан оң жағында бұрышы бар).
- Тиісті медициналық қорытындының көшірмесі (ӘҚҚ диспетчері үшін).
- Қатер мен қателер факторларын бақылау қағидаттарын қоса алғанда, адамның мүмкіндіктері бойынша оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі (егер АОО-да немесе авиациялық оқу орнында оқу процесінде өтпесе).
- Куәліктің түпнұсқасы (куәлік бүлінген немесе ауыстырылған жағдайда).
- Радиотелефон байланысында пайдаланылатын ағылшын тілін білуге тестілеуден өткенін растайтын сертификаттың көшірмесі (халықаралық ұшуларды қамтамасыз ету кезінде).
3. Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналы куәлігін алу үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
- Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың куәлігі үшін осы стандарттың 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш.
- АОО-да бастапқы даярлықтан өткені туралы сертификаттың және (немесе) сертификат немесе диплом берілген күннен бастап 10 жылдан аспайтын мамандық бойынша дипломның көшірмесі, ал азаматтық авиацияда әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың куәлігін алуға үміткер мемлекеттік авиацияның әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналы үшін мемлекеттік авиацияда қызметті аяқтағаннан кейін-мемлекеттік авиацияның оқу орнын бітірген күннен бастап 20 жыл.
- Осы стандарттың 12-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың жеке журналының көшірмесі.
- Осы стандарттың 13-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша әуе кемелерге техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың жеке деректері.
- Екі фотосурет (түрлі-түсті, күңгірт, мөлшері 3,5 х 4,5 см фотоға қарап тұрған тұлға жақтан оң жақта бұрышы бар).
- "Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуге қатысты адамның мүмкіндіктері" бағдарламасы бойынша оқудан өткені туралы құжаттың көшірмесі (ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналын кәсіби даярлаудың үлгілік бағдарламаларының 9 модулінің тиісті бағдарламасына (бұдан әрі – Үлгілік бағдарламалар) сәйкес келетін).
- "Қазақстандық және халықаралық авиациялық заңнама" бағдарламасы бойынша оқудан өткені туралы құжаттың көшірмесі (Үлгілік бағдарламалардың 10RK Модулінің бағдарламасына сәйкес).
- Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персонал куәлігінің түпнұсқасы және куәлік бүлінген жағдайда оған қосымша (XV тармақ).
- Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (шетел азаматтары үшін "Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 80-бабына сәйкес нотариалды куәландырылған).
4. Уәкілетті ұйым жеңіл және аса жеңіл әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың куәлігін беру немесе қолданылу мерзімін ұзарту үшін қосымша өтініш берушіге әуе кемелердын пайдаланушыларын біріктіретін коммерциялық емес ұйымдардың (бұдан әрі – коммерциялық емес ұйым) тұрақты жұмыс істейтін Біліктілік комиссиясының ұсынымы мен шешімін қоса беруі қажет.
Жеңіл және аса жеңіл әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың куәлігін беру немесе қолданылу мерзімін ұзарту кезінде Уәкілетті ұйым осы куәлікке XII (Ratings) және XIII (Special Remarks) тармақтарға біліктілік және арнайы белгілерді енгізбейді.
5. Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналы куәліктерінің мерзімін ұзарту үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
- Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың куәлігі үшін осы стандарттың 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш.
- Куәліктің түпнұсқасы және оның қосымшасы (XV тармақ).
6. Ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкердің немесе ұшу диспетчерінің куәлігін алу үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
- Жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетілген, еркін түрде жазылған өтініш, сондай-ақ ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияларды, мәліметтерді пайдалануға келісу.
- АОО немесе авиациялық оқу орнын бітіргені туралы құжаттың көшірмесі.
- Осы стандарттың 9-қосымшаға сәйкес объективті деректері бар, азаматтық авиация ұйымының қолымен және мөрімен (болған жағдайда) расталған (әуе кемелеріне ТҚ жөніндегі персоналдан басқа өзге авиациялық персонал үшін) ұсыным.
- Екі фотосурет (түрлі-түсті, күңгірт, мөлшері 3,5 х 4,5 см фотоға қарап тұрған тұлға жақтан оң жақта бұрышы бар).
- Қатер мен қателер факторларын бақылау қағидаттарын қоса алғанда, адамның мүмкіндіктері бойынша оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі (егер АОО-да немесе авиациялық оқу орнында оқу процесінде өтпесе).
- Куәліктің түпнұсқасы (куәлік бүлінген немесе ауыстырылған жағдайда).
7. Ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкер немесе ұшу диспетчері куәлігінің қолданылу мерзімін ұзарту үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
- Еркін нысандағы өтініш.
- Куәлікке қосымшаның көшірмесі.
- Мамандығы бойынша кәсіптік деңгейді қолдау курстарынан өткенін растайтын құжаттардың көшірмелері.
- Қатер мен қателер факторларын бақылау қағидаттарын қоса алғанда, адамның мүмкіндіктері бойынша оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі (егер АОО-да немесе авиациялық оқу орнында оқу процесінде өтпесе).
8. Ұшу экипажы мүшелерінің куәлігіне біліктілік және арнайы белгілерді енгізу үшін өтініш беруші мына құжаттарды ұсынады:
- Өтініш.
- Жеке пилот, коммерциялық авиацияның пилоты, көпмүшелі экипаж пилоты, желілік пилот үшін осы стандарттың 1-қосымшаға сәйкес.
- Жеңіл және өте жеңіл әуе кемелердің пилоттары үшін өтініш еркін түрде жеке сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып құрастырылады, сондай-ақ ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалған құпия болып табылатын мәліметтерді қолдануға келісу.
- Штурмандар үшін осы стандарттың 2-қосымшаға сәйкес өтініш.
- Бортинженер (бортмеханик) үшін осы стандарттың 3-қосымшаға сәйкес нысанда өтініш.
- Мамандығы бойынша қайта даярлау немесе кәсіптік деңгейді қолдау курстарынан өткенін растайтын құжаттардың көшірмелері.
- Кешенді тренажерда (LPС) соңғы тексеру нәтижелері туралы актінің (нысанның) көшірмесі, 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұшақ пилоттары үшін немесе осы стандарттың 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тікұшақ пилоттары үшін біліктілік деңгейін тексеру актісі немесе осы стандарттың 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұшуды тексеру актісінің көшірмесі.
- Нұсқаушы ретінде уақыт бойынша даярлау курстарынан өткенін және ұшу тексерісінің нәтижелерін растайтын құжаттардың көшірмелері (қажет болған жағдайда).
- Куәліктің және (немесе) оған қосымшаның көшірмесі.
- Тиісті медициналық қорытындының көшірмесі.
- Қауіп пен қателік факторларын бақылау қағидаттарын қоса алғанда, адамның мүмкіндіктері бойынша оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі.
9. Ұшу экипажы мүшелерінің куәлігінде радиотелефон байланысында пайдаланылатын тілді білу туралы арнайы белгіні енгізу немесе қолданылу мерзімін ұзарту үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
- Жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетілген еркін нысандағы өтініш.
- Радиотелефон байланысында қолданылатын ағылшын тілі білімін тестілеуден өткендігін растайтын сертификаттың көшірмесі.
- Куәліктің және (немесе) оған қосымшаның көшірмесі.
10. Әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерінің, авиациялық станция операторының біліктілік және арнайы белгілерін енгізу немесе қолданылу мерзімін ұзарту үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
- Еркін нысандағы өтініш.
- Осы стандарттың 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілік емтиханын өткізу хаттамасының көшірмесі.
- Нұсқаушы ретінде соңғы уақыт бойынша даярлық курстарынан өткенін растайтын құжаттардың көшірмелері (нұсқаушының арнайы белгісінің қолданылу мерзімін енгізген немесе ұзартқан кезде).
- Тиісті медициналық қорытындының көшірмесі (ӘҚҚ диспетчері үшін).
- Куәлікке қосымшаның көшірмесі.
- Мамандығы бойынша уақыты бойынша соңғы кәсіптік деңгейді қолдау курстарынан өткені туралы құжаттардың көшірмелері (нұсқаушының, ағылшын тілінің арнайы белгісінің қолданылу мерзімін енгізуді немесе ұзартуды қоспағанда).
- Радиотелефон байланысында пайдаланылатын ағылшын тілін білуге тестілеуден өткенін растайтын сертификаттың көшірмесі (қажет болған жағдайда ағылшын тілінің арнайы белгісін енгізу немесе қолданылу мерзімін ұзарту үшін).
11. "В1" немесе "В2" санаттары бойынша Куәлікке біліктілік белгісін "Ratіngs" бағанға енгізу үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
- Осы стандарттың 11-қосымшаға сәйкес әуе кемелердің түрлерін, қозғалтқышын және оны иеленетін үміткердің Куәлік санатын көрсете отырып, әуе кемелеріне қызмет көрсету бойынша қызметкердің өтініші.
- әуе кеменің түріне практикалық және теориялық элементтерден өткендігі туралы құжаттардың көшірмелері, ал қажет болған жағдайда практикалық тағлымдамадан өту туралы жазбалар. Егер сертификат қайсысы өткізгеніне сәйкес ТО және РАТ уәкілетті ұйымымен расталған болса, практикадан өту нәтижесі жөніндегі сертификатты ұсыну рұқсат етіледі.
12. Куәліктің "Ratіngs" біліктілік бағанына "С" санаты белгілерін енгізу үшін өтініш беруші төмендегі құжаттарды ұсынады:
- Осы стандарттың 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әуе кеменің, қозғалтқышының үлгілерін және оның иесі үміткер куәліктің санатын көрсете отырып, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың куәлігі үшін өтініш.
- Әуе кемелердің түріне оқуды және оқудың 3 деңгей теориялық бөлімінен кейінгі емтиханды растайтын сертификат көшірмелері ("С" санатының бірінші жазбасы үшін), ал "С" санаты бойынша әрбір иесі жазба үшін мәлімденген әуе кеменің 1 деңгейі бойынша оқуды дәлелдейтін (әуе кемелердің жалпы танысу оқытуды растайтын) сертификат. Егер "С" санатын алатын үміткер куәлікке енгізілген сондай әуе кеменің және қозғалтқыш түрінен "В1" және "В2" санаттары белгісі бойынша алатын болса, онда теориялық оқуды өткендегі туралы бөлек сертификат ұсыну қажет емес.
- Техникалық кызмет көрсету және авиациялық техниканы жөндеу мекемелерінде жұмыс өтілін растайтын мемлекеттік авиация немесе әуе кеменің өндірісі кезінде алынған құжатттардың көшірмелері.
13. Өтініш беруші жеңіл және аса жеңіл әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың куәлігіне (AML LA) біліктілік және арнайы белгілерді енгізу үшін коммерциялық емес ұйымға мынадай құжаттарды:
- Осы стандарттың 11-қосымшада келтірілген нысанға сәйкес өтінішті.
- АҚҚ-да әуе кемелердің үлгісі немесе түріне дайындау курстарын өткендігін растайтын құжаттардың көшірмелерін.
- Осы стандарттың 12-қосымшасында келтірілген нысанға сәйкес өтілін растайтын жеке журнал парақтарының жеке көшірмелерін.
- "В3" санатты жеңіл және аса жеңіл әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету қызметкерін санатының деңгейін тексеру актісінің көшірмесін.
- "әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуге қолданылатын адамның мүмкіндіктері" бағдарламасы бойынша оқудан өткені туралы құжаттың көшірмесін (Үлгілік бағдарламалардың 9-Модулінің бағдарламасына сәйкес) ұсынады.
Қызмет көрсету нәтижесі
Авиация персоналына куәліктер беру.
(не куәліктің қолданылу мерзімін ұзарту).
Жоғалған, ұрланған немесе бүлінген жағдайларда куәлікті және (немесе) оған қосымша парақты қалпына келтіру.
Біліктілік және арнайы белгілердің қолданылу мерзімін енгізу немесе ұзарту.
(не куәліктің қолданылу мерзімін ұзарту).
Жоғалған, ұрланған немесе бүлінген жағдайларда куәлікті және (немесе) оған қосымша парақты қалпына келтіру.
Біліктілік және арнайы белгілердің қолданылу мерзімін енгізу немесе ұзарту.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама.