Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)
- Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
- Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
- Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
- Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
- Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.
Мемлекеттік органда қызметті алу (қажетті құжаттар):
Машиналарды тіркеу кезінде:
- Өтініш.
- Жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін).
- Заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат.
- "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 553 және 615-баптарында белгіленген баждар мен алымдардың бюджетке төленгенін растайтын құжат.
- Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 386-бабына сәйкес машиналарды бастапқы тіркеу кезінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерді орындауын растайтын құжат.
- Машинаға меншік құқығын растайтын құжаттар:
- азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жасалған шарттар, мәмілелер, куәліктер, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар;
- сот куәландырған сот шешімінің, қаулысының, сот орындаушысының мемлекеттік органның орындалуы тиіс іс-қимылдары туралы хабарламасының көшірмесі қоса берілген атқару парағы;
- кедендік ресімдеуден өткенін растайтын құжаттар (Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – ЕАЭО) елдерінен әкелу жағдайларын қоспағанда, кедендік декларация, кедендік кіріс ордері, уақытша әкелу жағдайларында кері әкету туралы міндеттеме.
- Машиналарды бастапқы тіркеу жағдайында:
- өндіруші зауыттың қозғалтқыштың номиналды қуатын растайтын құжатының көшірмесі;
- сәйкестік сертификатының немесе сәйкестік туралы декларацияның көшірмесі ("Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентінің (КО ТР 010/2011) талаптарына сәйкестікті бағалау туралы құжатты ұсына отырып кедендік декларация берілетін өнім тізбесін бекіту туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 6 шешімдеріне сәйкес).
Қызмет көрсету нәтижесі
Машиналарға арналған тіркеу құжатын (телнұсқасын) және (немесе) мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін немесе машиналарды тіркеуден шығару туралы тіркеу құжатындағы белгі немесе машинаны уақытша тіркеу туралы анықтама беру не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.