Жобаланатын жер учаскесін жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен келісу
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырыңыз.
- ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
- Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) қызмет көрсету нәтижесі.
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
- 2-қосымшаға сәйкес өтініш.
- Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).
- Жер учаскесінің жоспары және оның бұрыштық бұрылыс нүктелері координаталарының ведомостері.
- Көрсетілетін қызметке ақы төленгені туралы төлем құжатының (түбіртектің) көшірмесі.
Қызмет көрсету нәтижесі
Жобаланатын жер учаскесі жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің графикалық деректеріне сәйкес келген кезде:
- сызықтық объектінің полигонының ауданын көрсете отырып, жобаланатын жер учаскесінің координаттар ведомосін / сызықтық объектілер алып жатқан жобаланатын жер учаскесінің жоспарын және жобаланатын жер учаскесінің шекаралары тараптарының координаттары мен ұзындықтарының сәйкестігінің жиынтық ведомосін / сызықтық объектілер алып жатқан жобаланатын жер учаскесінің шекаралары тараптарының координаттары мен ұзындықтарының жиынтық ведомосін қоса бере отырып, жобаланатын жер учаскесінің координаттар ведомосін салыстыру актісі.
Жобаланатын учаске жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен сәйкес келмеген жағдайда:
- жобаланатын жер учаскесінің шекараларының жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің графикалық деректеріне сәйкес келмеу (қабаттасу) схемасын / сызықтық объектілер алып жатқан жобаланатын жер учаскесінің шекараларының сәйкес келмеу (қабаттасу) схемасын қоса бере отырып, жобаланатын жер учаскесінің координаттары ведомосінің сәйкес келмеуі туралы акт, жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен және жобаланатын жер учаскесінің шекаралары тараптарының координаттары мен ұзындықтарының жиынтық ведомосімен / сызықтық объект полигонының ауданын көрсете отырып, сызықтық объектілер алып жатқан жобаланатын жер учаскесінің шекаралары тараптарының координаттары мен ұзындықтарының жиынтық ведомосімен.
немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.