"Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау
Қызметті "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымынан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
- өтініш;
- "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген 086/е нысаны бойынша медициналық анықтама;
- егер үміткер ағымдағы оқу жылын аяқтамаса және оқуын жалғастырса, Зияткерлік мектепте оқу сыныбы алдындағы өткен оқу жылы үшін үміткердің үлгерімі мен мінез-құлқы табелінің бірінші жартыжылдық көшірмесі. Талап етілетін құжаттар басшының қолымен расталуы және тиісті білім беру ұйымының мөрімен бекітілуі тиіс.
Орта білім беру ұйымдарының 7-9 және 11-сыныптарында оқитын үміткерлердің оқу бағдарламасының және білім беру деңгейінің айырмашылығы себебінен сыныптары Қазақстан Республикасы Білім беру ұйымдарының сыныптарынан өзгеше болуы мүмкін шетелдік білім беру ұйымдарының және халықаралық мектептердің оқушыларын қоспағанда, келесі оқу жылында көрсетілетін қызметті берушінің ұқсас сыныбында қайта оқуға үміткер бола алмайды;
- 1 МБ (мегабайт) аспайтын графикалық файл түріндегі үміткердің 3х4 см көлеміндегі цифрлық фотосуреті немесе құжаттарды тапсырған кезде қабылдау комиссиясында үміткерді фотоға түсіру.
Фотосурет қатаң түрде жарық фонда қарама-қарсы, бейтарап бет пішінімен және аузы жабық күйінде түсіріледі, онда үміткердің беті фотосуреттің жалпы ауданының 75%-ға жуығын алады. Компьютерлік сканерлеу, модельдеу немесе ксерокөшірме әдісімен дайындалған суреттерді пайдалануға жол берілмейді. Суретке түсіру кезінде бас киімдер мен көзілдіріктер киюге жіберілмейді. Көздері ашық, анық көрінеді және шашпен жабылмайды. Фотосуреттің өлшемі 600 пиксель/дюйм (dpi) кем емес, анықтығы 450 х 600 пиксель болуы тиіс.
Қызмет көрсетуді тоқтата тұрудың шарттары: құжаттарды белгіленген мерзімнен кешірек ұсыну (жыл сайын құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің www.nis.edu.kz интернет-ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылатын құжаттарды қабылдаудың бекітілген мерзімдеріне сәйкес қабылдау).
Ескерту: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 317 қаулысының 7-тармағына сәйкес құжаттарды қабылдау күні мен орны, сондай-ақ конкурс өткізу мерзімін жұмыс органы айқындайды және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат
Қызмет көрсету нәтижесі
Оқуға арналған конкурсқа қатысу үшін үміткердің рұқсаттамасын беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.