Автокөлікті сатудың заңдылық жағынан ең тиімді әдісі сатып алу-сату мәмілесін жасасу болып табылады. Автокөлік жылжымалы мүлік болғандықтан, оның меншік иеленушісі болу үшін ешқандай мемлекеттік тіркеудің керегі жоқ. “Бұл сонда қалай?! – деп көптеген жүргізушілер қарсылығын танытады. – Ал жол полициясына есепке алу ше?”.
Көлік құралын жол полициясы басқармасының есебіне қою меншік құқығын тіркеу дегенді білдірмейді. Бұл жай ғана көлік құралын жалпы қолданыс жолдарында пайдалануына рұқсат болып табылады. Автокөлікті сатып алып, айталық, онымен өз саяжай аумағында ешбір тіркеусіз жүруіне болады. Сондықтан сатушы мен сатып алушы сатып алу-сату шартын ешбір дәнекерсіз, комиссиялық дүкендер, нотариустың көмегіне жүгінбей өздері жасасуға құқылы.
Осындай түрді мәмілені ресімдеу үшін автокөлікті есептен алу дұрыс болады. Осыдан соң тараптар жазбаша түрде сатып алу-сату шартын екі данада жасайды. Сатушының меншік құқығы сатып алушыға шартқа қол қойылған сәттен бастап өтеді. Осындай шартты автокөлікті есептен шығармай-ақ жасасуға болады. Автөкөлік бағасын тараптар шарт жасасқан уақытта өздері белгілейді. Егер де дауды жағдай пайда болған кезде, сот шарттағы бағаны есептейтінін ескеру керек.
Сатып алу-сату шартында сонымен қатар сатушы мен сатып алушының паспорттық мәліметтері, көлік құралының толық мәліметтері көрсетіледі. Егер де сатып алушының немесе сатушының атынан сенімді тұлға әрекет етсе, оның мәліметтері мен сенімхат туралы мәліметтері де шартқа енгізіледі.
Алайда, барлық азаматтар заңды жағынан хабардар емес, сондықтан да шарт ресімдеу кезде нотариусқа жүгіну керек. Мәмілені ресімдеу сенімхатты ресімдеуге қарағанда көп уақыт алмайды. Шынында, нотариуске сенімхатты ресімдеуден екі есе төлеу керек, алайда сатып алушы мен сатушыға кепілдік артық болады. Сонымен қатар нотариустың қызметіне төленген үшін жұмсалған қаражат көлікті жол полициясында қайта ресімдеу кезінде қайтарылады. Сатып алушы тіркеу кезінде өз шартының данасын ұсынады және қандай да бір қосымша құжаттарды беру қажеттілігі талап етілмейді.
Тағы ескертетін жайт, автомобильді сенімхат арқылы сату мүмкіндігі. Ондай сатудың барын теріске шығармаймыз және автокөлік иелерінің кейбір бөлігі сатып алу-сатудың осындай түрін пайдаланады. Бірақ, осы операцияның күмәнді артықшылықтардың бар болуында кемшіліктері ерте ме, кеш пе, бәрібір сіздің артыңыздан қалмайды.
Әдетте осылай болады: сатып алушылар автокөлік сатып аларда, нотариуста жай ғана бас сенімхат ресімдейді және 15 минуттан кейін жасалған мәмілеге риза болып қуанады.
Көбісі сенімхатты беру және ақшаны алумен автокөліктерін сатты деп ойлайды, ал жаңа меншік иесі автокөлікті өзінің меншігі екендігін санайды. Алайда, іс жүзінде олай емес!
Мынадай жағдайды қараңыз: азаматтың қолында көлік құралын есептен шығаруға және оны сатуға сенімхаты бар. Аталмыш көлік құралын азамат меншігі ретінде және өз атына есепке қойғысы келеді. Сенімхаттың оған меншік құқығын бермейтінін, тек қана көлік құралын есептен алу мен сату құқығын иемденетінін ескере отырып, сатып алу-сату шартын өз-өзімен жасасуға болмайтындықтан, азамат оны өз-өзіне сата алмайды. Мәміленің осындай түрі аз дегенде екі жақты, яғни кем дегенде екі адамның қатысуымен жасалатын мәмілеге жатады.
Одан басқа, сенімхатты ресімдеген автокөлік сатушысының ойында болу керек нәрсе: ол меншік иесі болып қала берсе, көлік салығын төлеуге ол міндетті болады. Егер де оны сенімхат бойынша сатып алға адам істемесе, онда салық қызметкерлері шағымдарын меншіктің иесінің өзіне түсіреді, әрі машинаның сатылғаны жайындағы сөз көмектеспейді. Ал сатып алушының өзінде техникалық тексеріс кезінде де проблемалар болуы мүмкін, өйткені қызметті автокөлік иесінің атынан, оның жеке куәлігін (ЖСН) көрсетіп төлеу керек болады.
Көлік құралын (көлікті) сатып алу-сату келісім шарты ҚР Азаматтық Кодексінің (сатып алу-сату туралы жалпы ережесі) 406-444 бабымен реттеледі.
Есептен шығару туралы толығырақ
Есептен шығару рәсімі Жол полициясының тіркеу бөлімшелерінде және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ мамандандырылған бөлімдеріне (Арнайы ХҚКО) шығаруға болады.
Есептен шығару үшін құжаттар тізімі
Есептен шығару үшін автокөлікті тіркеу бөлімшесіне ұсыну керек:
- Көлік құралын тіркеу актісі (есептен шығару) (бұл құжат Мемлекеттік корпорацияға ұсынылмайды).
- Жеке басты куәландыратын құжат.
- Техникалық құжат.
- Қазақстан Республикасына уақытша әкелінген, оның ішінде кері әкету туралы міндеттемемен әкелінген көлік құралының МТНБ, КҚТК және (немесе) тіркеу құжаттары.
- Егер осы адамның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөртабаны болуы тиіс болса, осы ұйымның мөртабанымен куәландырылған (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда), көлік құралын өзінің құрылымдық бөлінісіне немесе басқа заңды не жеке тұлғаға бөлу және беру туралы заңды тұлғанының бұйрығы (өкімі).
-
Көлік құралына, нөмірлік агрегатқа меншік құқығын растайтын құжат, оларға:
- кедендік ресімдеуден өтуін растайтын құжаттардың көшірмелері (кеден декларациясы, кедендік кіріс ордері), уақытша кіргізген жағдайларда кері шығару туралы міндеттеме) (салыстыра тексеру үшін түпнұсқасы);
- сот куәландырған орындалуы тиіс сот шешімінің, қаулысының, мемлекеттік органның әрекеттері туралы сот орындаушысының хабарламасының көшірмелері қоса берілген атқару парағы;
- азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жасалған келісімшарттар, мәмілелер, куәліктер, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар.
Есептен шығару мерзімі
Автокөлік есептен бір күн ішінде шығарылады.
Автокөлікті есептен шығару нәтижесінде сізге не беріледі
Автокөліктің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі қиылады да және оған мөрмен расталатын көлік құралын есептен шығару жағдайларына сәйкес жазба енгізіледі.
Көлік құралына жарамдылық мерзімі көрсетілген (10 тәулік, тағы тек бір рет 10 күнге ұзартылуына болады) «Транзит» нөмірлік белгілері беріледі. Транзиттік нөмірлік белгілер жол полициясы органдарында тіркеледі.
Басқа өңірде есептен шығару
Егер де автомобиль басқа өңірде есепте тұрса, оны есептен шығару үшін жол полициясы бөлімшесінің бастығының атына өтініш жазу және оны кеңседе тіркеу қажет. Есептен шығару осы көлік құралдарының тіркелген жері бойынша есептен шығаруға қандай да бір шектеулердің жоқтығы туралы сұрау салулар орындалғаннан кейін, иелері туралы есепке алу деректері мен мәліметтер нақтыланған соң, сондай-ақ іздестірудегілердің тізімінде көлік құралдары деректерінің мемлекетаралық және республикалық деректер базалары бойынша сұрау салулар орындалғаннан кейін ғана жүргізіледі. Көлік құралын есептен шығару туралы шешім қабылданған соң бұл туралы ақпарат оның тіркелген жері бойынша тіркеу пунктіне жіберіледі. Осымен, есептен шығару рәсімдері 10-15 күнді құрайды.
Егер де сіз автокөлікті сатып алу-сату шарты бойынша сатуды ойласаңыз, онда есептен шығару рәсімдерін өтпеуіңізге болады.
Автокөлікті есептен шығару кезіндегі қамауға алу мен кепілдік
Есептен шығаруға кедергі меншік құқығын өзгерту бойынша тыйымдар немесе шектеулер бола алады. көлік құралдары тиісті тыйымдардың немесе шектеулердің жоқтығы туралы куәландыратын құжаттарды не осы көлік құралдарын иеліктен шығару және оларды өзге адамдардың меншігіне беру туралы соттың шешімі ұсынылғаннан кейін есептен шығарылады.
Банкте немесе басқа тұлғада кепіл ретіндегі автокөлік құралы көлік құралдарының тіркеу кітаптарында және басқа деректер базаларында кепіл туралы тиісті белгі бар болса есептен шығарыла алмайды.
Есептен шығару үшін кім жүгіне алады?
Көлікті көлік иесі немесе сенім хат негізінде оның өкілі есептен шығару тиіс. Сенім хатта есептен шығару туралы өкілдік айтылуы керек. Егер сенім білдіруші жеке тұлға болса сенім хат нотариус арқылы куәландырылу керек. Заңды тұлғаның сенім хаты оның мөрімен.
Егер көлік иесі 2 және одан да көп болса есептен көлік иесінің жазба келісімен немесе нотариуста куәландырылған сенім хатпен шығарылады.