Мысалы: Ауыртпалықтардың бар болуы туралы анықтама
ҚАЗ
РУС
ENG
 

ЭЦҚ орнату

2011 жылдың қараша айынан бастап электрондық қызметтерді аларда және ЭЦҚ-мен жұмыс істегенде Tumar CSP бағдарламалық қамтуды орнату қажет емес!

ЭЦҚ алу үшін Сіз ХҚКО жүгіне аласыз.
Өзіңізбен бірге келесі құжаттарыңыз болуы керек:
- жеке тұлғалар үшін: өтініш берушінің жеке куәлігі;
- заңды тұлғалар үшін: бизнес-сейкестендіру нөмірі бар мемлекеттік тіркеу куәлігінің көшірмесі, өтініш берушінің жеке куәлігі, заңды тұлға атынан өтініш берушіге берілген сенімхат.
Өтінімді қолыңызбен толтырып, пайдаланушы келісім-шартына қол қойғаннан кейін, Сізге электрондық цифрлық қолтаңба құралдары ұсынылады.

«ХҚКО электрондық үкімет» бұрыштарының жұмыс уақыты 09:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс сенбі, жексенбі.

«Электрондық үкімет» порталында мемлекеттік қызметтерді алу бойынша нұсқау.

Одан басқа, Сіз ЭЦҚ алу үшін өтінімді онлайн режимінде www.egov.kz немесе ҚР Ұлттық куәландыру орталығының www.pki.gov.kz «электрондық үкімет» порталдарында бере аласыз. Онлайн өтінімді бергеннен кейін (өтінімде көрсеткен) Сіз жеке басты сәйкестендіру және толтырылған өтінімді (Сіз онлайн толтырған өтінімнің басып шығарылған нұсқасы) беру үшін ХҚКО-на баруыңыз керек.


 ЭЦҚ алу үшін онлайн өтінім беру

WORD, RAR, CHM форматында пайдаланушы нұсқаулығы

WORD, RAR, PDF форматында ОС Linux пайдаланушысының нұсқаулығы


1Пайдаланушының бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату(CSP Tumar криптопровайдері)

Криптопровайдерді орнату үшін «Крипттопровайдерді орнату» батырмасын басып, содан соң файлды іске қосу қажет e-government.exe. Орнатушы, Сіздің компьютеріңізге қажетті бағдарламалық қамтамасыз ету тізімін анықтайды, www.e.gov.kz сайтынан жүктеп алып, орнатады.

`
2Электронды-цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алу үшін тапсырысты беру

Тапсырысты беру үшін «ЭЦҚ алу үшін тапсырысты беру» және қажетті мәліметтерді көрсету. Өз тапсырысыңызды жолдағаннан соң, оған нөмір беріледі. Сыртқы құрылғыларда немесе файылдық жүйеде Сіздің жабық ЭЦҚ кілтіңіз құрастырылады. Тапсырыс беру сәтті өткеннен соң Сіз, тіркеу орталығына өзіңіз жеке барып, қажетті құжаттардың барлығын ұсынуыңыз қажет.

3Электрондық-сандық қолтаңбаны алу.

Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығының Тіркеу орталығы (бұдан әрі - Орталық) құжаттарды қабылдайды және тапсырысты растайды. Сізге таңдалған Орталыққа «электрондық үкімет» Порталынан алынған Тапсырысты, сондай-ақ қажетті құжаттарды беру қажет. Мәліметтер Орталықпен өңделген соң тапсырыста көрсетілген электрондық мекен-жайға сертификатты on-line режимінде орнатуға сілтемелер жіберілдеді.
Ескерту:Сертификат криптопровайдер орнатылған компьютерге орнатылады

4Тапсырыстың мәртебесін тексеру

Тапсырыстың мәртебесін қарау үшін «Тапсырысты тексеру» батырмасына шертіңіз

Ескерту: СҚР ҰКО-ның тіркеу орталықтардың тізімі, жиі қойылатын сұрақтар (FAQ), ҚР ҰКО форумы





 
www.e.gov.kz © Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
Қазiр порталда :
Бүгін келiп кеткендер :
Loading...
Жоғары көтерілу