"Электронды үкімет" порталына қош келдіңіздер! Веб-порталмен жұмысты бастау үшін, өтініш,
тіркелу рәсімінен өтіңіз.
Сіз «электронды үкімет» порталында тіркеліп, онлайн режимінде мемлекеттік органдардың қызметтеріне қол жеткізе аласыз. Бұл
азаматтық хал-ахуал актілерін тіркеу қызметі,
зейнетақы және
әлеуметтік төлемдер жөніндегі қызметтер,
жылжымайтын мүлік жөнінде анықтамаларды алу және көптеген басқа да қызметтер, сондай-ақ электрондық қызметтердің тізімі бірте-бірте толықтырылатын болады.
Сонымен қатар, порталда азаматтардың
электрондық өтініштеріне арнайы бөлім бар. Порталға кірушілер осы сервисті пайдалану арқылы тікелей мемлекеттік органдарға жүгініп, мемлекеттік органның қатысуын талап ететін мәселелерді интернет арқылы жедел түрде күніне 24 сағат және аптасына 7 күн қатарына шеше алады.
Одан басқа порталда орталық және жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін 200-ге жуық әлеуметтік маңызы бар қызметттер жөніндегі ақпарат қамтылған. Азаматтар түрлі құрылымдардың жұмысы жөніндегі және мемлекеттік қызметті көрсету орындары мен тәсілдері туралы ақпаратты алып, қажетті мәселелері бойынша заңды және нормативті құқытық актілермен танысуға, сонымен қатар, түрлі баспабеттердің, арыздардың, төлеу түбіртектерінің нұсқалары мен үлгілерін түсіріп алуға мүмкіндіктері бар.
Сонымен қатар порталда жол қозғалысы ережелерін бұзғандығы үшін
айыппұлдарды төлеу бойынша қызмет қол жетімді. .